Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 771 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:41, 02 мая 2011

Ардабек СОЛДАТБАЙ. Жер басып алу

1-мамырды алматылықтар ерекше қарсы алды десек те болады. Түн ауа бір рет, таңертең тағы бір рет жер сілікініп елдің үрейін алды. Гүрілдеп-дүрілдеген зілзала үнінен шошынған алматылықтар жапатармағай далаға қашып шықты. Орталық алаңда өтетін мерекелік шеруге қатысатындар ұйықтап қалмасын деп уайымдап жүрген шенеуніктерге бұл жақсы болды. Таңғы сегіз жарымда ұйқыларын зілзала бұзған тұрғындар да одан ары көсіліп жатудың орыны жоқ екенін түсініп алаңға ағылды. 25 мыңнан астам адам қатысқан алау-жалау әшекейлі шеру қазақ даласындағы халықтар достығын паш етуді мақсат еткен. Ұлттық киімдерін киген түрлі ұлыстың өкілдері қазақ елінде еш алаңсыз өсіп-өркендеп жатқандарына дән риза. Өз тілдерінде сөйлеп, салт-дәстүрлерін ұстанып, ұлттық нақыштарын жоғалтпай әрі аса ауқатты тұрып жатқан ұлыстар елде осындай саясат жүргізіп отырған билікке разы.

Zher0001.jpg

Zher0002.jpg

Zher0003.jpg

Zher0004.jpg

«Біреу тойды айналдырғанда, біреу қойды айналдырады» демекші, дәл осы кезде Алматының іргесіндегі Талғар тас жолының бойындағы Думан ықшам ауданында да мыңдаған адам жиналып жатыпты. Шерушілерге қарағанда олар мұнда тым ерте келген. Кейбірі тіпті кешеден бері осында екен. Таңғы сағат алтыдан бастап топтасқан көп адамды мұнда мерекелік көңіл-күй әкелмепті. Бұлардың барлығы Думанда пәтер жалдап тұратын қазақтар. Баспан қиындығынан әбден қажыған адамдар Думанның іргесіндегі баяғыдан бері бос жатқан жерді бөлісіп алмақшы. Мұның заңсыз екенін білсе де басқа амалдары қалмаған.

Zher0005.jpg

Zher0006.jpg

Zher0007.jpg

Zher0008.jpg

Жиылған халықты шеңбер жасай қоршап тұрған тәртіп сақшыларын аудан әкімі қайтарып жіберді. Олар жағдайды жол бойындағы көліктерінде отырып бақылады. Жиылған жұртшылықтың қимылын таспаға түсіріп арнайы көліктері де тұр. Өйткені, ашулы тұрғындар шатақ шығаруы да әбден мүмкін еді. Әкім қалай болғанда да халықпен сөйлесіп, оларға жағдайды ұқтырып көрмекші. Тұрғындардың ашу-ызалы, аянышты-жалбаранышты, ашынған, назаланған сөздерін үлкен сабырлылықпен тыңдап шықты.

Zher0009.jpg

Zher0010.jpg

Zher0026.jpg

Zher0016.jpg

Zher0011.jpg

Zher0012.jpg

Халық жердің  иесі бір түрік кәсіпкер деседі. Ол бірақ қазір шетелде тұрады екен. Пәлен жылдан бері осында тұрып жатқан тұрғындар ешқашан мына бос жерді біреудің пайдаланып жатқанын көрмегендерін айтады. Ал егер өздері бөлісіп алса бұл жерде 2500 үй бой көтермекші.

Zher0013.jpg

Zher0014.jpg

Zher0023.jpg

Zher0015.jpg

Талғардың әкімі Талғат Өмірәлиев басқа пікірде. Ол кісі бұл жердің иесі бір адам емес, жүздеген адам екенін айтады. Оның сөзін Талғар қаласы Жер қатынастары бөлімінің бастығы да растады. Әкім бұл мәселенің бір-екі күн емес, бір-екі жылда да шешіліп бітпейтінін айтады. «Жер дауы мен жесір дауы қашан толастап еді. Тек Талғар қаласының өзінде ғана жер алу кезегінде тұрған 36 мың адам бар. Ал мына тұрғындар Алматы қаласына қарасты Думан ықшам ауданында тұрады, көпшлігінің тіркеуі де жоқ. Олардың заңсыз жер басып алуын Талғар қаласының тұрғындары да қаламайды» дейді әкім. Ал тұрғындар басып алып жатқан жерді заңды иелері неге пайдаланбай отыр деген сауалға әкім де тұрғындардың сөзін қайталап «бәлкім, жердің бағасы өскенде сатып пайда тапқысы келетін болар» деді. Т.Өмірәлиев мына жұртшылықты жақсы түсінетінін, халықтың жағдайын етене білетінін, бірақ оларды жарылқау үшін қолынан ештеме келмейтінін де жасырмады. Өйткені, Алматының төңірегінде иесіз бос жер жоқ. Бәрінің қожасы бар. Заң бойынша біреудің меншігіндегі жерді талан-таражға салуға жол жоқ. Мейлі бұл жердің иесі бір адам болсын, мың адам болсын не істесе де өз еркі бар деген пікірде. Дегенмен, әкім де, Жер қатынастары бөлімінің бастығы да жердің біреудің меншігі екенін айғақтайтын құжаттарды көрсету талабын жауапсыз қалдыруды жөн санады.

Zher0017.jpg

Zher0018.jpg

Zher0019.jpg

Zher0021.jpg

Тұрғындар екі-үш жыл пайдаланылмай жатқан жерді әкімшілік орындарының мемлекет меншілігіне қайтарып алатынын өз мысалдарынан көптеп келтірді. Ал он бес жыл бойы не егін егілмеген, не құрылыс салынбаған мына 30 гектарға жуық жердің иесі жерге меншік құқықығын қалай сақтап келе жатқанына таң қалады. Айтпақшы, адамдардың жер басып алып жатқандарын естіп репортаж жасауға келген КТК арнасының тілшісі ұятқа қалды. Микрофон ұстап жеткен қаракөз қазақ қызын көрген ағайындар жан джақтан жамырасып, арыз-шағымдарын айта бастап еді әріптесіміз оларға орыс тілінде жеки сөйлеп, ештеме түсінбегенін, орысша білетін бір адам ғана сөйлеп беруін талап етті. Оның орысша сөйлеңдер бәлсінгеніне ашуланған халайық тілшіні қуып жіберді.

Zher0022.jpg

Zher0020.jpg

Zher0023.jpg
Zher0025.jpg

Zher0027.jpg

Тұрғындар өз білгендерімен жер телімдерін өлшеп, қазықтарын қағып, кейбірі болашақ үйлерінің іргетасының орынын дайындап, біреулері иеленген жерлеріне шатырларын да құрып алыпты.

Zher0028.jpg

Zher0029.jpg

Zher0033.jpg

Zher0034.jpg

Zher0039.jpg

Zher0040.jpg

Zher0041.jpg

Zher0042.jpg

Zher0043.jpg

Zher0044.jpg

Жиылған жұртшылықтың жалғыз талабы бар дейді мына жігіт. «Бізге керегі бар болғаны 5-6 сотық жер ғана. Ешкімнен басқа ештеме сұрамаймыз. Бізге 10-20 сотық жердің тіпті де қажеті жоқ. Аядай ғана үйімізді салып, баспана мәселесін шешіп алатын алақандай жер керек. Басқа ештеме сұрамаймыз. Бәріміз адал еңбегімізбен күн көріп жүрген адамдармыз. Көпшілігіміз ауылдан келгенбіз, балалы-шағалымыз. Өзіңіз де білесіз, Алматының өзін қойып, төңірегінен үй, жер сатып алуды ауыл қазағының қалтасы көтере бермейді. Бұл қадамға амалсыз барып отырмыз. Қазақстанның әрбір азаматы 10 сотық жерге ие бола алатыны Конституцияда нақты жазылған. Иә, рас, ауылда жеріміз, үйіміз болды. Бірақ Арқа жылы болса, арқар ауа ма? Бұрын жерің болған, Конституцияда қарастырылған құқығыңды бұзған жоқпыз, ал тағы жер алам деу заңсыз деген билік орындарымен келіспейміз. Өйткені, ауылда бәрі жақсы болса Алматыға келіп пәтерші болатындай ақымақ емеспіз ғой. Біз мына жердің иесі түрік болғаны үшін осындай әрекетке барып отыр деген ой болмасын. Ешқандай ұлтараздығын қоздыру ойымыз жоқ. Аталарымыз олар арып-ашып келгенде жарты нандарын бөліп берген. Сол қазақы қалпымыздамыз. Ұлттар мен ұлыстардың бейбіт өмір сүргенін біз де қалаймыз. Мына түрік жігіт те алсын жерін. Болсын көршіміз. Тіпті, мәселе оның жерінде де емес. Мына жүргендер 100 пайыз қазақтар екенін көріп тұрсыздар. Мәселе халықтың баспана қиындығынан әбден қажығандығында. Бұл жер болмаса басқа жерден берсін, әйтеуір баспана салатын ұлтарақтай жер керек. Бұл стихиялы түрде басталған нәрсе емес. Тұрғындар бірнеше күн бойы ақылдастық. Кеше де осында жиылып кеңесіп, барлығымыз бірігіп билікке талабымызды жеткізуді жөн санадық. Ендігі ойымыз өз арамыздан арнайы комиссия құрып бұдан былай сол адамдар ғана әкімшілікпен кездесіп, мәселені бейбіт жолмен шешсек дейміз» дейді ол.

Zher0037.jpg

Zher0036.jpg

Zher0035.jpg

Zher0031.jpg

Талғардың әкімі Т.Өмірәлиев облыс басшылары да мәселені бейбіт түрде шешу қажет деп тапсырма бергенін айтады. Сондықтан әзірге тәртіп сақшылары жағдайды тек сырттан бақылап отыр. Бірақ, тұрғындар қазық қағып алып заңсыз иеленіп жатқан жерлерінде құрылыс жұмыстарын бастаса құқық қорғаушылардың қарап отырмайтынын, үй салуға жол бермейтіндерін жеткізді.

Zher0030.jpg

Zher0032.jpg

Zher0038.jpg

Шаңырақтағы шатақты жақсы білетін тараптардың қай-қайсысы да артық қимыл, оғаш қылық көрсете қойған жоқ. Бірақ тұрғындар мәселе шешілмей бұл арадан тарқамаймыз дейді. Түнді осында өткізуге бел буыпты.

Zher0024.jpg

видео

 

"Маса ақпарат"

http://masa.kz/article/view/id/1474

0
759
1