Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
22:17, 25 июня 2009

Twitter Маркетинг - Бастама

Қазіргі Web 2.0 заманында, байқаған болсаңыздар, мобильді блоггинг саласы жақсы танымалдылық танытуда. Ал осы бағыттағы ең танымал жүйе - Twitter. Ол жайлы Алия Ханымның жазбаларында байқаған боларсыздар. Сонымен, Twitter арқылы микро блог жүргізу мен ол жерде жеке блогыңыздың танымалдығын арттыруға әрекет жасау түсіндірмесін бастайық.

Менің Twitter атым қандай?
Twitter блог жүйесін қолдануды бастағанға дейін сол жүйедегі сіздің жеке атыңыздың кім болатынын біліп алуыңыз қажет. Яғни, Twitter қолданушылары сізді қалай таниды. Менің Twitter-атымды фамилиямнан, яғни kubeyev деген аттан тануға болады. Сіздің Twitter-атыңыз не болмақ? Жақсылап ойланып таңдаңыз. Мүмкін сізді біраз интернет қолданушылары белгілі атпен, не никтен танитын болар...

Twitter жүйесіне тіркелу.
Twitter жүйесіне тіркелі кез-келген сайтқа тіркелуден айрықшаланбайды. Яғни, ағылшыннан кішкене ғана хабарыңыз болса, Twitter жүйесінде тіркелу сізге қиынға соқпауы тиіс. Бар білу керек сілтеме мынау: https://twitter.com/signup

Twitter бетіңізді жекешелендіру.
Кез-келген блогқа дизайн таңдау мүмкіншілігі болатындай, Twitter-ге де жеке ерекше дизайн орнатуға болады. Twitter-дің Дизайн деген бетінде бірнеше дайын дизайндар бар. Егер сіз өзіңіздің жеке дизайныңызды, не дайын бір суретті орнатқыңыз келсе, оған да мүмкіншілік жасалынған.

Twitter-ге тіркелдік. Кім екенімізді айқындадық. Ендігісі, іздеу жүйесі арқылы таныстарыңызды тауып алыңыз, немесе менің бетіме кіріп, мені достар қатарына қосыңыз, мендегі достармен қарым-қатынасқа түсіп, қалағандарыңыздың Twitter-жазбаларын оқыңыз. Мен сіздің Twitter-дегі алғашқы досыңыз болуға дайынмын.

Маркетинг дегеннің не екенін білетін боларсыз?! Білмесеңіз, оның жарнамаға қатысты термин екенін айта кетейін. Сонымен Twitter Маркетинг дегеніміз сіздің жеке блогыңыздағы жазбаларыңызды Twitter Достарыңызға таныту, олардың назарын, қалауларынша, сіздің блогқа аудару. Twitter Маркетинг-тің ең оңай тәсілі - блогтағы жазбаңыздың сілтемесі мен тақырыбын Twitter-ге жазу. Twitter достарыңыз көп болған сайын, яғни Twitter ілесушілеріңіздің саны негұрлұм көп болса, сіздің жазбаны соғұрлым көп адам оқиды. Бұл - ақиқат!

Twitter-летіңіздер, жолдастар!!!

http://www.contentmaster.kz

0
324
0