Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
11:55, 03 марта 2011

Белгілі блогшы Әсет Нұрпейісов ҚазҰУ-ға келді

 

26.02.2011ж  Қазақ Ұлттық Университетіне Қазақстанға белгілі блогшы Әсет Нұрпейісов және оның шәкірті Ерсұлтан келді. Олар бізге өздерінің білгендерін айтып, 2сағат көлемінде сабақ өткізді. Сабақты екі тілде, яғни Әсет орыс тілде сөйлесе, Ерсұлтан қазақ тілінде біраз ақпаратты тарқата алды. Олардың өткізген сабақтары маған қатты ұнады. Өйткені, өте қызықты дүниелер мен материалдарды айтты. Соның ішінде Қазақстанның ең үздік 10 сайты жайлы, оның бірі "www.yourvision.kz" сайты туралы айтты. Онда көбінесе яғни 90%-ы орыс тілді блогтардың көп жазылатынын және ол сайтқа күніне 1300-1500дай халық кіретіні жайлы айтты. Қазақстанның блогплатформалары-мамандыққа көптеген тәжірибелерін тигізетінін айтты. Бірақ, Қазақстандағы блогплатформаларда бір тақырыпқа 6-7 блог жазылса, Ресейдің блогплатформаларында әр блог әр тақырыпта жүреді. Мысалы:үй шаруашылығы, aiti ресурстар, модалар жайлы жазады.  Ерсұлтанның айтуынша "блогтардың пайдасы өте көп, себебі, өз ойыңды халыққа тез әрі оңай жібере аласың. Мысалы, газеттердің шығарылатын саны ең ұзағы бойынша аптасына не айына жүз мыңдай болса, ал бір сайтқа күніне 15000дай адам кіреді", екен. Сонымен қатар олар бізге өздерінің жаңадан ашқан сайты яғни "www.lit.kz" туралы айтты. Ол сайтқа өздеріңнің шығарған өлең-жыр шумақтарыңды, жазған әдеби шығармаларыңды, көркем мақалаларыңды жаза аласың. Оны күніне бірнеше адам оқи алады. Ал, газетке жазсаң, қанша халық оқитыны бір Аллахқа аян. Бұл тұста блогтардың қаншалықты пайда әкелетінін айтқым келіп отыр. Осы жайлы Ерсұлтан мырза айтып өткен болатын. Және де Қазақстандағы бірнеше сайттар жайлы да айтып кетті. Олар: oitobe.kz, kivi.kz, nur.kz, kazah.ru, alpha.kz. "abai.kz" сайтына күніне 2500 адам кіреді, және ол үздік жүздікке жатады.   Әсет мырза "текст", "видео", "аудио" жайлы біраз ақпараттарды мәлім етті. Менің ол лекциядан үйренгенім блог жазудың қыр-сырын, мән-мағынасын, қаншалықты пайдалы екенін үйрендім. Әсет мырзаныңлекция оқығандағы маған ұнаған қасиеттерінің бірі - күлдіргі әзілдерімен аудиторияны ұйықтатпай, өзіне қаратып отырды. Яғни сабақты қалай жүргізу керек екенін білетіні көрініп тұр. Ол кісі радио, интернет жайлы, ондағы мәселелер мен жарнамаларды қарастырып кетті. Жалпы бұл сабақ маған қатты ұнады.

0
451
0