Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:19, 23 марта 2011

Тенгри ФМ радиосының туған күні!

Кеше Тенгри ФМ радиостанциясының туған күні болды. Бұл мерекені тойлауға Алматы Тауэрсқа мыңдаған адам жиналыпты.

Жалпы алғанда, бұл іс-шараның ұйымдастырылуы, көлемі және жиналған адамдар саны мені таң қалдырды. Шынын айтсам, сонша көп адам болады деп ойламаппын. Чайф тобы келгеннен кейін сахнаға жақындау (ал сахнаның жанында тұрсаң қозғалудың өзі) тіпті мүмкін болмай қалды.

Blog post image

Құрбыммен сағат сегіздерде келсек, кіре берісте адамдар көп екен.

Blog post image

1 жылдық мерейтойымен Тенгри ФМ-ды құттықтау үшін қазақстандық Мотор-Роллер (Алматы), МайОлиКа (Петропавловск), Асем (Алматы), Blues Motel (Алматы), Мартини (Астана), Jazz Voda (Шымкент), Па Кампасам (Алматы), Субкультура (Усть-Каменогорск), Angry Ants (ex-Lucky Wheel, Алматы), Лабастерхэб (Павлодар) рок орындаушылары жалынды өлеңдері мен гитараларын ала келіпті.

Blog post image

Blog post image

Чайфтың алдында шыққан барлық орындаушылар керемет өнер көрсеткенмен, Па Кампасам домбырасын алып шыққанда бүкіл зал шу ете қалды. Домбырамен орындалған рокты кеше бірінші рет естідім))

Blog post image

Осындай іс-шараны іске асыруда тек қана музыканттардың ғана емес басқа да адамдардың еңбектері мол. Суретте: ыстық софиттердің астында, суретке түсіріп жүрген адамдардың flash-ына (вспышка) шыдап тұрған күзет қызметкері.

Blog post image

Суретте: пультта отырған адамдар

Blog post image

Көп күттірмей рок ардагерлері Чайф тобы да келді. Олар көпшілік білетін "Аргентина-Ямайка" секілді өлеңдерімен қатар жаңа әуендерін де орындады.

Blog post image

Blog post image

Аяқтарынан тік тұрып, шаршағандарын елемей, залдағы адамдар өлеңдерге қосылып айтып, билеп тұрды.

Blog post image

Blog post image

Еліміздің ең үздік рок орындаушылармен танысып, олардың өнерлерін тамашалауға мүмкіндікке алғысымды білдіремін. Осы секілді іс-шаралар, концерттер бізде жиірек болып тұрса, тіпті тамаша болар еді!

Blog post image

Blog post image

Туған күніңмен, Тенгри ФМ!

Қалған суреттерді мына жерден көре аласыздар.

P.S. Ал мына жерде осы кештің басқа суреттері.

P.S.S. Blog post imageAshina, Blog post imageRamErsBlog post imageSamson және Blog post imageBakunya ҚазҰУ-да қонақ лекцияларын өткізген кезде казнетте қазақ тіліндегі контенттің аздығын басып айтып еді. Ол өткізілген сабақтардан студенттер мен секілді әсер алса, yvision платформасында қазақ тіліндегі контент көбейетіндігіне сенімдімін:))

0