Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:51, 28 февраля 2011

«PR және жарнама» кафедрасының құрылғанына 10жыл!

 

18.02.2011жылы ҚазҰУ-дың 3-ші залында «PR және жарнама» кафедрасының туған күні болып өтті. Туған күнге көрермендер көптеп жиналды. Осы айтулы туған күнді 105-топтың студенттері қызықты концерт ретінде ұйымдастырды. Концерттің барысы әзіл-қалжыңы аралас болып, көңілді өтті. Көрермендер өздерінің қошеметтерін көрсетіп, біздің өнерімізге тәнті болғандарын ду-қол шапалақтарының арқасында байқадық.

Концертті ұйымдастыру барысында біраз қобалжулар мен толқулар болғанын жасыра алмаймыз. Концертті Дарын және Асқар есімді жігіттер өз деңгейінде жүргізді. Олардың маңдай термен жасаған сценерийлері көрермендер көңілінен шыға білді. Концертімізге еліміздің президенті «Н.Ә.Назарбаев» арнайы келіп, өзінің ақ тілегін білдіріп, сөз сөйледі.  Ең басында сахнаға шығуымыздың өзі неге тұрады,-десеңізші! Әрбір жекелеген музыканың кішкентай бөлігіне өзіміздің идеямызбен күліп-ойнап шықтық.   Теңдесі жоқ әншілер мен бишілерге ешкімнің таласы жоқ. Өз өнерлерін керемет, ойдағыдай етіп ортаға салды. Концертті ұйымдастыру барысында біраз қобалжулар мен толқулар болды. Және де слайд шоу мен видеоролик көрсетілді. Жасалған баннер мен көрме концертіміздің сәнін келтіріп тұрғандай. «Золушка» ертегісіне ұқсатып шығарған пиар компаниясының көрінісі де өте сәтті шықты. Ортасына қарай ортаға шыққан 105-топтың «джентельмендері» өздерінің әзіл-қалжыңдарымен көрермендерді тағы да бір «шулатып» қоя берді. Сонымен қатар, Алматы қаласының 11-сынып жас  түлектерін біздің жолымызға түсуге шақырдық.

Соңында кафедра меңгерушісі А.В.Рожков пен өз эдвайзеріміз Назгүл Шыңғысова да өз ниеттерін қуанышпен ақтарынан жарылып, концертіміздің өтуін бір ауыз сөзбен «шекарно» деп жеткізді. Және де біз «ҚАЙТАЛАНБАС ИДЕЯЛАРЫ БАР-ПИАРШЫЛАР, МЫҚТЫ КРЕАТИВТІ АДАМДАР» деген жазуы бар аппақ футболкамен шығып, эдвайзеріміздің сөзі мен әніне жазылған гимнімізді айтумен аяқтадық.

0
410
0