Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
11:46, 27 февраля 2011

ЧТО подарить на 8 марта?

что подарить маме на 8 марта, что подарить жене, что подарить девушке на день рождения,

Жузук, сакина - Перстни, кольца
«Чтобы пища была чистой, на руке должен быть перстень» – гласит казахская пословица. Поэтому женщины носили по 3-4 перстня одновременно. Они бывают: литые, ажурные, кованые, со вставкой из камня и стекла. От их формы происходило и название, например, кус мурын (птичий клюв), или отау жузик (юрта).

Билезик – браслет с кольцами
Эти браслеты носят на одной или сразу на обеих руках. Кольца соединены с браслетом узкими цепочками.

Сырга – Серьги
Серьги – одно из любимых украшений казахских женщин. Они носят их постоянно. Серьги бывают самые разные: плоские с орнаментом( ай-сырга – серьги-лунницы); со вставными камнями – тасты сырга; в виде колокольчика с бахромой по краю – конырау сырга; шары с подвесками – тобе сырга и др.

Алка — ожерелье.

Это прекрасный образец ювелирного украшения казахской женщины. Прекрасные уникальные виды алки встречаются в западных и юго-западных регионах Казахстана. На местном диалекте их называют "онiржиек" (нагрудник). Эти ожерелья соединяются друг с другом при помощи маленьких колечек и состоят из нескольких четырехугольных украшений. В середине и по краям каждого украшения вставляются драгоценные камни. Такие украшения делаются из тонкого, внутри полого, серебра.

Кудагижузiк - перстень— традиционный подарок родителей невестки молодой свекрови, нашедшей общий язык с невесткой и ставшей ей второй матерью. Перстень надевается сразу на средний и безымянный палец. Его поверхность закрывает почти четыре пальца.

Саукеле — головной убор невесты — самое дорогое из женских украшений. Основа его -высокий конус из тонкого белоснежного войлока. Верх его обшивают красным сукном или парчой, украшают золотом, серебром и драгоценными камнями, разноцветным стеклом; низ оторачивают нутрией или другими дорогими мехами. Саукеле по заказу отца невесты делалось заранее, до свадьбы. Если украшениями саукеле служили драгоценные камни и металлы такие, как бриллианты, жемчуг, золото и серебро, оно имело достаточно высокую стоимость. Например, одно из таких саукеле (Букеевская орда) было оценено в 100 серебряных рублей. А в Семипалатинской области цена одного саукеле достигла 200 рублей. Саукеле, находящееся в музее Антропологии и этнографии, сделанное в прошлом веке в Жетысуйском регионе, было оценено в сто лошадиных голов. Конечно, такие дорогие саукеле встречались редко. Наиболее древние виды саукеле можно встретить в музеях.

Сәукеле, шашбау, білезік, сырға жарасар қазақ қызына…

Көкенов Тыныбек Ахметқалиұлы
қазақтың ұлттық қолөнерін насихаттап жүрген зергер

Подарки Женщинам на 8 марта, ЧТО подарить на 8 марта?, ТІЛ: Тыныбек мырза, біздің халқымыздың тарихында жасаған бұйымдары талайды тамсандырған зергерлер көп болғанын, біздің халық үшін бұл өнердің жат еместігін жақсы білеміз. Бүгінгі күні де арамызда қазақтың ұлттық қолөнерін жетілдіріп, әдемі де айшықты небір бұйымдар соғып жатқан зергерлер жоқ емес. Сіздің туындыларыңыз да ерекше бір ықыласпен, қажырлы еңбекпен жасалған дүниелер екені байқалады. Бүгінгі күні қазақ зергерлік өнерінің жағдайы қалай, қазақ зергері ретінде өмір жолыңыз қалай қалыптасуда?
—Біздің тарихымызда зергерлік өнердің небір тамаша түрлері болғанын қазба жұмыстарынан табылған дүниелерден көріп жүрміз ғой. Алтын мен күмістен жасалған талай бағалы дүние музейлерде сол тарихтың өшпестігін дәлелдеп тұрғандай. Қазақтың зергерлік өнері, әсіресе әшекей бұйымдар көбіне күмістен жасалады. Күмістің қасиеті ерекше екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Ежелден күмістің адам ағзасына пайдасы бар екенін білген халқымыз күміс ыдыстан тамақ ішіп, күміс әшекейлер тағып, дүниеге келген нәрестені күміс теңге салынған суда шомылдырып келе жатқаны да металдың қасиетінің көрінісі шығар. Күмістің емдік қасиеті медицинада да дәлелденген.
Қазақ зергерлік өнері атадан балаға мирасқа беріліп келе жатқан өнер деуге болады. Себебі, бұйымның қалай жасалғанын көзбен көрмейінше, сезіну мүмкін емес. Әрбір шебер өз білгенінің қыр-сырын ұрпағына, шәкірттеріне түсіндіріп, үйретіп кеткендіктен бе, көбіне зергерлер шаңырақтарында осы өнермен айналысқан шеберлер болған отбасылардан шығып жатады. Мен де бала күнімнен әкемнің інісі Серікқали есімді ағамның түрлі әшекейлі бұйымдарды тудырғанының талай куәсі болдым. Әдемі, әшекейлі дүниені мен де жасасам деген бала арманымды сезген ағам, өз білгенімен бөлісіп, зергерлікке баули бастады. Мектеп бітіргеннен кейін, Алматыға келіп Орал Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжіне түсуіме де өнердегі алғашқы ұстазым әрі ағам Серікқали себепші болды. Металл бөлімінде 4 жыл оқып, білім алып шыққаннан кейін Алматыдағы «Алма-Арасан» емдік-демалыс орнының маңындағы Шеберлер ауылында тәжірибелі ұсталардың жанында жүріп, көп тәжірибе жинақтадым. Шеберлер ауылы кезінде аты дүркіреп тұрған ауыл болған екен, қазір қолдаудың аздығынан, сұраныстың төмендігінен болар, ұсталардың жағдайы күн-көрістің ар жақ, бер жағында десем артық айтпас-пын. Ол жерде Дәркембай Шоқпаров, Қалқаман Тілеуханов сияқты атақты зергерлер қазақтың қолөнерінің өсіп-өркендеуіне көп еңбектенген. Кейін Қалқаман Тілеуханов ағамыз өмірінің соңына дейін осы Астанада еңбек еткен.

Казахские женские ювелирные украшенияТІЛ:«Зер қадірін зергер білер» деген сөз бар, қолыңыздан шыққан әрбір әшекей-бұйымның қандай еңбекпен жасалатынын өзіңізден артық ешкім білмес. Көз майын тауысып жасаған өнер туындыларыңызға қызығушылық танытып жатқандар бар ма? Сұраныс қаншалықты?
—Қазір бұйымдарымызбен көрмелерге қатысуға көп шақыртулар алып тұрамыз. Көбіне тапсырыспен жасаймыз. Қазақтың қолөнерін бағалайтын, ұлттық дүниелерімізді дәріптелсін, кең қанат жайсын деген адамдар хабарласып, әшекей-бұйымдарымды сатып алып жатады. Көбінесе шетелден келген қонақтарға сыйлық ретінде алады. Мысалы, осы жолғы Азиада ойындарын тамашалауға келген шетел қонақтарына менің бұйымдарымды сыйға тартты. Қазір халықтың біртіндеп ұлттық өнерімізге назар аудара бастағанын байқап жүрміз, соның ішінде құрақ көрпе, сырмақ, түс киіз сияқты заттарды қызығып іздей бастағаны байқалады. Қыз-келіншектеріміз Қытайдың арзанқол жылтырақтарына қызықпай, қазақы сырға, білезік, сақиналарға көңіл аударса, өзіміздің құнды заттарымыз сәнге айналып жатса, ұлттық дүниенің жаңғыруы деген сол емес пе?
ТІЛ: Қолөнер бұйымдары жоғары бағаланатындықтан, кез-келген қыз-келіншектің сатып алуға жағдайы келмесі түсінікті.
Қазақы әшекей — бұйымдарды сәнге айналдыру үшін не істеуге болады?
—Шынымен, қолөнер болғандықтан, ол бұйымдар арзан болмауы мүмкін. Дегенмен әрбір қазақтың қаракөз қызы таға алатындай, қолжетімді қылып бағалауға болады. Кейбір бұйымдар ешқандай бағалы тас қосылмай, тек қана күмістен жасалады, олардың бағалары тастар қосылған бұйымдардан арзан. Бағалы тастармен жасалған бұйымдардың бағасы да сәніне қарай қымбатырақ болады. Әшекей бұйымдар көбіне жасалу қиындығына, көлеміне қарай бағаланып жатады. Қазақы әшекейлеріміз келешекте дәулет-дәрежесіне қарамастан, әрбір қыз-келіншектің қобдишасынан табылады деп ойлаймыз. Сол үшін де еңбектеніп жатырмыз.Казахские женские ювелирные украшения
ТІЛ: «Өнерліге өріс кең» дейді ғой халқымыз, өзіңіз жас болсаңыз да, жаныңызда шәкірттеріңіз бар екенін байқап отырмыз.
—Білгеннің тілін алып, үйренетін жас табылса және оның қабілеті мен қарымы бар болса, өнерді үйренгенінің артығы жоқ. Қасымда екі көмекші жігіт бар, соларға бар білгенімді үйретіп жүрмін. Қабілеттерін байқап, уақыттарын бос өткізбей, кәсіп үйренсін деп қасыма шақыртып алдым. Екеуі де ауылда жүрген балалар. Біз ешбір құрылғының көмегінсіз әрбір зерді қолмен саламыз, әр тетікке түрлі бағалы тастарды қолмен енгіземіз. Күмісті балқытып құюда жазба, ширатпа, өрім сияқты тәсілдерді қолданамыз. Әр бұйым ерекше ықыласпен жасалады. Кез-келген шығармашылықтың шарықтау шегі шабытта жатыр. Мен де ешбір ойсыз, ұйқыдан тұра сала қолыма қысқыш, қашау алып іске кірісіп кете алмаймын. Әсіресе, ел жатқанда, айнала түгел мүлгіп, тыныштық орнағанда жұмыс істегенді жақсы көремін. Бұл да ақын тудырған өлең сияқты ғой, шабытсыз болмайды. Қазақтың дәстүрлі әндерінің, домбыраның қоңыр үнін тыңдап, ойға түсіп отырғанда істеген ісімнен ләззат аламын. Күмістің де жатырқайтын кездері болады. Көңіл қалауымен, жүрек жылуымен жасамасаң, хас өнер тумайды…
Әңгімеңізге рахмет!

0
2337
8