Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
10:58, 26 февраля 2011

Қазақстандағы kaznet жағдайы

Қазақстандағы  казнет жағдайы қандай? Басқа елдерге қарағанда елімізде интернет,яғни казнет жағдайы онша дамымаған. Себебі біз интернеттен орыс тілінде немесе басқа тілде мағлұматтарды көп ала аламыз. Алайда, еліміздегі интернеттен қазақ тілінде мағлұматтар жоқтың қасы десе де болады. Болған жағдайда да көбінесе дұрыс аударылмаған, сөйлем құрамы дұрыс емес мағлұматтар көруімізге болады. Қазіргі статистикалық мәліметке сүйенсек елімізде 30 пайыз ғана интернетті қолданады екен және де елімізде интернет жүйесіне бір сағат отыру үшін 120тг төленеді. Ол әр адамға тиімсіз. Сайттарда көбінесе актуалды сұрақтарды нақты дұрыс факторлармен жазылған болуы қажет. Мен басқа басқа елдерде қандай екенін білмеймін. Бірақ бізде интернетте отырған кезде керек емес сайттар өзінен өзі шығып қалады. Яғни ондай сайттар болашақ ұрпаққа зиян деп ойлаймын. Сондықтан да біз болашақта қазақ тіліндегі сайттар жүйесін көбейтуге тиіспіз.

 

0
445
2