Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:46, 28 февраля 2011

жаңа технологиялардың бірі-4G ұялы байланыс телефоны

Уақыт өткен сайын жаңа технологиялар жақсы қарқынмен дамып келеді. Бүгінгі алған білім-тәлімің кейінгі кездері жарамсыз болып жатса, таң қалмаңыздар. Алғашқы компьютерлер бір бөлменің көлеміндей үлкен болса, ал  қазір көзге көрінбестей кішкентай етіп жасалуда. Ақпараттық технологиялар саласындағы  дүниеге жаңа, тың әрі қолжетімді техника мен технология түрлерін әкелу үстінде. Жаңа технологиялардың арасынан дисктердің даму процесіне көз салсақ, ХХ- ғасырдың 80-ші жылдарындағы дисктердің  ақпарат сақтау қабілеттілігі небары 2,5GB болса, ал қазіргі күндердегі бір ғана MicroSD Card-тардың сыйымдылығы 32GB. Сыйымдылығы жағынан да  көлемі жағынан да бағасы жағынан да екеуінің айырмасы ”жер мен көктей” деңгейде тұр.

4G (Fourth Generation of cellular wireless standards) -ұялы байланыс стандарттарының төртінші буыны  немесе  3G стандартының жетілген түрі, келесі сатысы деуге де болады. 4G стандартына сай байланыстың  мәлімет  алмасу жылдамдығы стационар түрдегі құралдар (көшеде, үйде, қалыпты жағдайларда) үшін 1Гбит/с-ке, ал қозғалыстағы құралдар (пойызда, автокөлікте) үшін 100 Мбит/с-ке жететін болады.

0
1464
0