Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
10:01, 24 февраля 2011

"ЖУРФАК ДҮМПУІ"

Өткен жұмадан бері бізді дүрліктірген шу аяқталған сияқты. Бірінші курстың студенті ғана болып, қаншама дүмпулерді бастан кешірдік.((( Өткен аптаны "қоғаммен байланыс және жарнама" кафедрамыздың 10 жылдық мерей тойын атап өтуден бастаған едік.))) 18.02.2011 күні концертімізді бастаймыз дегенде, факультетімізде митингтің өтіп жатқанын білмедік те. Алайда бәрі алда болды. Дүйсенбіде жаңа толқулар басталды. Журналистика факультетіміздің орыс бөлімінің тобында оқитын Бекзада атты студенті КТК - ның форумында ұялмай саспай қазақ бөлімі туралы орыстардың "матерные слова" дейтін сөздерге толы сөйлемдерді бүкіл Қазақстанға жайып салды. Намыстанған біз, қазақ бөлімінің 1 - 3 курс студенттері қыздың кешірім сұрауын талап еттік. Бекзаданың көнбегенінен кейін айқайға көштік. Бес минут та өтпей бүкіл қазақ бөлімі жағдайды естіп, біртіндеп факультеттің холына жинала бастады. Бекзаданың бақыты - сол мезетте деканның оны және тағы бірнеше қызды кабинетіне алып кетуі. Әйтпесе біздің сол қызды талап кетуіміз де әбден мүмкін еді. Деканның қысымының арқасында ғана Бекзада бүкіл қазақ бөлімінің алдында әрең дегенде кешірім сұрады. Бірақ мүлдем өкінбейтінін тамаша көрсетіп тұрды. Бүкіл дауды ҚазҰУ қалашығының басшысы шешіп берген сияқты болды. Әйтеуір, студент жазаға тартылады деп уәде берген. Бірақ сөзінің растығына өкінішке орай куә бола алмадық. Бар білетінім Бекзада университетте қалған сияқты, себебі сабақтарға қатысып жүр - кеше ғана корридорда итерісіп өтті... 22.02.2011 күні бізді аптаның соңғы жаңалығы күтіп тұрды. Өзіміздің 2 -4 ші курс студенттеріміз “қазақша білмейді” деп сынаған журналистика факультетіміздің деканы Ғалия Жүнісқызының орнына заңгер, ғалым Есберген Алауханов декан болып тағайындалды. Әрі қарай не боларын кім білер, бірақ осы оқиғалардан кейін өзіме бір нәрсені түйіп алдым: журналистика факультетінде нағыз демократия!!! )))

0
448
5