• 3145120
  • 4665
  • 289
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Future Shorts. Жастық шақ маусымы.

Анна Гавальданың «Ensemble, c'est tout» романында: «Адамға эмоциялардың қажеті не, егер де олармен бөлісетін ешкім жоқ болса?» - деген сөз бар. Сезім, көзқарас, көңіл-күйдің өзін басқаларға жеткізудің бір тамаша жолы – өнер; соның ішінде кино өнеріне қатысты Future Shorts туралы қысқаша айтып өтсем.

Future Shorts бұл авторлық қысқаметражды кино, анимация, клип және видеоартты Британия, Дания, Германия және Ресей сияқты 21 елде тарататын және насихаттайтын ірі тәуелсіз кинолейбл. 2007 жылдан бастап бұл жобаның Қазақстанда Алматы, Астана және биылдан бастап Қарағанды қалаларында 20 көрсетілімі өтті.

Жаңа маусымды Future Shorts Қазақстанның үш қаласында «Июность» қысқа метражды кино фестивалімен бастады. Жастық шаққа арналған 8 кино махаббат, арман, қателіктер, жауыздық және Amon Tobin, Thunderheist мен Sigur Ros музыкасының толқынында сұлулық пен би жайында.

Осылардың ішінен барлығы емес, тек бірнешеуіне тоқталсам,

Kings of London. Режиссер Шон Конвэй 2008 жылы Ұлыбританиялық гетто тұрғындары жайында сыр шертетін кино түсірді. «Лондон патшалары» біріншіден әлеуметтік жағдайларға екпін жасайтын секілді, алайда, романтикалық эпизодтарды көрген кезде, гетто, кедейлік, алкоголизм, жауыздық , қорқыныш, өлім деген сөздер бұл киноның тек қана құралдары екеніне көзің жетеді. Сонымен, өзіме гетто жокей Аристотель мен оның жеңіске деген шексіз, шетсіз құлшынысы, әлде мылқау өмірінің мәні жайында хикая басқа жеті кинодан ерекше ұнады.

[ ] [ ] [ ] [ ] Sigur Rosдың Gong әніне түсірілген ресми емес видеосы бір жігіттің көңіл күйін баршаға жария болғанын көрсетеді. Бұл видеоның ерекшелігі музыкада, ал видеоқатардың деректі сюжеті бар болса да, жеңіл қабылданады.

The News. Люк Шанаханмен түсірілген бұл қысқаметражды кино «арсыздық, цинизм» жайында айқайлап тұрғандай, бірақ осындай абсурдты көрініске еріксіз күлуден басқа амал жоқ, әлде... Сюжет қыз бен жігіттің диалогынан құрылған.

I Love Sarah Jane. Постапокалипсистік уақытта тұрып жатқан Джимбо мен оның махаббаты жайында. Бұл кино жасөспірімдер арасында кең таралған аяусыздықпен көзге түседі. Содан болар «Eden Lake» киносын еске түсірді.

Jerk It. Режиссер: That Go (Ноэль Пол мен Стефан Мур), Канада, 2008. Thunderheist тобының видеосы. SXSW 2009 кинофестивалінде «Клип» номинациясында басты жүлдеге ие болды. Қимыл, қозғалыс, музыка. Шын мәнінде, сөздің қажеті де жоқ.

 

 

Алия Arsik
15 июня 2009, 18:06
1236

Загрузка...

Комментарии

eBek
0
2
+ казак тiлiде ешкым окымайтын сиякты, немесе казакша жазгысы келмейды ма?!
cray
0
0
сәл жазамыз, шынымен де оқитын адам аз
оқитын адам саны соның ішінде тақырыптың қызықтығына да байланысты
ал сіз қызықты тақырып деп қайсысын айтар едіңіз?
оооой... оны түсіндіру ұзааақ болады)))... әзірге yvision'да тек қазақша Mozilla Firefox туралы, және тағы бір-екі тақырыптан басқа, ауыз толтырып айтатындай тақырып көрмеппін)) алдымен күнделікті оқиғаларға байланысты жазып бастаған дұрыс болар...
мынаны (жазбаны айтам, әлі орыс тілінде де ешкім жазбаған секілді, жазса ертең[бүгін] болатын шығар) күнделікті оқиға деп санамасаңыз, өткен демалысымнан алған әсерім деп қабылдаңыз. Өкінішке орай Mozilla Firefox тақырыптарынан алшақтаумын...
мені сын айтты деп қабылдаған сияқтысыз))) жоқ
бұл қызықты жазба... алайда көпшіліктің назарын іліп алатындай емес екені рас екеніне келісетін боларсыз)) оның үстіне қазақша ))
мен керісінше сынға (шынайы әділ сынға) тек қуаныштымын.

>оның үстіне қазақша ))
о_О
айтқым келгені, мында қазақша оқуға бейім адам аз)) қате түсініп қалмаңыз))
сіз барсыз ;)
мына жерде "бүгін басымды соғып алдым да, блог бастаймын деген ойға келдім" деген сияқтылар болмаса болды. Оқимын деген адам табылар деген үміттемін.
Биылғы көрсетілімдер өтіп кетті ма? :( әлі бола ма?

I Love Sarah Jane - шынымен де қатыгездікке толы. Бірақ арасынан шын сезімдер де көрінеді.
Әлгі зомби қыздын әкесі болып шыққаны мені таңғалдырды. Зомби болуыны қарама
Алматыда босаңыз, бүгін кешкі сағат 8-де Цезарьда болады.
Зомби болуыны қарамай оны әкем деп бірден өлтірмегені расындада адамдардын сана сезімі әлі бар екенін көрсетеді.

Jerk It - жақсы түсірілседе, маған ұнаған жоқ.
Arsik
0
3
Quessir айтпақшы, бүгін Алматыда болады, Қарағанды мен Астанада өтіп кетті. Осы кинодан басқа тағы бірнеше қызықтысы бар.
Arsik
0
3
Quessir айтпақшы, бүгін Алматыда болады, Қарағанды мен Астанада өтіп кетті. Осы кинодан басқа тағы бірнеше қызықтысы бар.
Рахмет, кешкісін Цезарьда болуға тырысамын.
Блин, керемет өтті. Әсіресе, [ ] [ ] [ ] [ ] -ны демалмай қарадым. Қызыл түс долго отходит, и быстро восстанавливается...
Ал ана "The News" - арсыздық емес, и уж точно цинизм емес - ол малдық) ана моральный релятивизм демекші...
I love Sarah Jane - ойымша, аяусыздық туралы емес, қиындықтар кезінде адамдық бетін жоғалтпауға тырысу.

Жалпы, көргенді сөзбен түсіндіру өте қиын. Оларды көріп, аузыңды ашып, ойланып-наслаждаться ету керек. Мысалы, "The Jerk"-тен алған әсерімді ешбір сөзбен түсіндіре алмаймын, бірақ эмоциялар ұрып тұр. Немесе соңындағы, екі ыстрашный адамның "билегендері" де керемет деуге болады, айналадағы ыржаңдаватқан адамдарға мән бермей, дұрыстап қарасаң.
Arsik
0
3
:) ең қызықтысы, осыны әркім әрқилы қабылдайды; әлеуметтік орта, жағдай, өзіндік принцип, стереотип, субъективті пікір, әркімнің тәжіриби призмасынан жасалған көзқарас арқылы туатын идеялардың жемісі деп түсінем.

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

США открыла у нас лабораторию смерти. Даже Есимов не знал о её существовании

США открыла у нас лабораторию смерти. Даже Есимов не знал о её существовании

Думаю, не многие знают, что 9 сентября этого года в городе Алматы была открыта сверхсовременная биолаборатория, предназначенная для хранения опаснейших патогенов. Конечно же, с ее строительством...
Duraton
26 сент. 2016 / 18:50
  • 57115
  • 78
Что дал Казахстану переход к трехступенчатой судебной системе?

Что дал Казахстану переход к трехступенчатой судебной системе?

С 1 января 2016 года Казахстан перешел на трехступенчатую судебную систему. Данные изменения действуют уже более 8 месяцев, и в данной публикации мы попробуем разобраться, что это дало Казахстану?
RuSnake
24 сент. 2016 / 11:50
  • 13410
  • 3
В октябре 2016 года состоится VII съезд судей Казахстана

В октябре 2016 года состоится VII съезд судей Казахстана

Проведение съездов судей позволяет принимать стратегические решения по вопросам развития судебной системы и способствует укреплению принципов независимости судейского сообщества.
elawkz
23 сент. 2016 / 13:45
  • 11977
  • 0
О законе законов: Замолвите слово о справедливости

О законе законов: Замолвите слово о справедливости

Акимат г. Астаны предлагал собственнику компенсацию...4 тенге 13 тиын за землю. Потолкуем о справедливости?
mirabeisenova
23 сент. 2016 / 16:39
  • 11264
  • 5
О работе Судебного жюри – одного из важнейших институтов в судебной системе Казахстана

О работе Судебного жюри – одного из важнейших институтов в судебной системе Казахстана

В одном из недавних постов я рассказал о необходимости наличия Кодекса судейской этики в Республике Казахстан. Однако, как и любой правовой акт, Кодекс является лишь текстом на без его реализации...
RuSnake
26 сент. 2016 / 12:25
  • 10563
  • 0
Кызылорда: перезагрузка, или что изменилось за последние несколько лет

Кызылорда: перезагрузка, или что изменилось за последние несколько лет

В преддверии Дня города мы решили вспомнить, как росла и развивалась наша родная Кызылорда в последние годы. Хотим поделиться своей любовью к родному городу с читателями Юви в этой фотоподборке ...
socium_kzo
22 сент. 2016 / 10:09
  • 7128
  • 9
Сватовство в Казахстане или Заберите скорее мою дочь к себе

Сватовство в Казахстане или Заберите скорее мою дочь к себе

Всю мою сознательную жизнь мне приходилось ходить в гости. В гостях неплохо, не спорю. Бесплатная еда и напитки. В особо продвинутых семьях ещё предоставляются услуги Free Wi-Fi. В особо весёлых...
almatinec_92
23 сент. 2016 / 9:33
Ninety One тобының мүшесі – Данияр Құлымшаның ата-анасымен эксклюзивті сұхбат

Ninety One тобының мүшесі – Данияр Құлымшаның ата-анасымен эксклюзивті сұхбат

Ninety One тобының мүшесі – Данияр Құлымшаның ата-анасымен эксклюзивті сұхбат. Даниярдың біз білмейтін қырлары.
lg_with_aman
26 сент. 2016 / 23:47
  • 7279
  • 5
Оралманка из Китая! Надеюсь, ты встретила того, кто по достоинству оценил тебя...

Оралманка из Китая! Надеюсь, ты встретила того, кто по достоинству оценил тебя...

В один прекрасный день я все же подошел к ней и попытался с ней нормально поговорить и пригласить куда-нибудь погулять или поужинать. Мы разговаривали с ней минут 20, я использовал весь свой...
Timurkhan
23 сент. 2016 / 12:26
  • 4062
  • 12