Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
10:02, 22 февраля 2011

Жүрек сөздері

Қалай жаным аңсағаным қал жағдайың?

Бір өзіңді аңсауменен болды уайым...

Кеудемдегі жүрек қағыс, жан тербеліс,

Сағыныштан сарғаюда сағат сайын!

***

Алау сезім екі өртеніп, бір жанады,

Жан дүнием төңкеріліп жыртылғандай.

Ыстық жүрек, ғашық жүрек шын соғады,

Сені аңсап, аймалауға ұмтылғандай!

***

Мыста алтын, қолада алтын, алтын да алтын.

Қайда бар шынайы алтын жарқылдайтын?!

Кейбіреулер еңкейгенге шалқаяды,

Адам зат жоқ "алтынмын" деп айтылмайтын.

0
1294
0