Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:37, 15 февраля 2011

Альбом: ШYNGYS - Пайғамбар. Жүрегімнің көзжасы [2011]

«...Кеше болды он төрті – Махаббат күні,
Ертең айырылған арманымның туған күні...»
«Ертең сенің туған күнің...» әнінен үзінді
Blog post image

Құрметті тыңдармандар, «Пайғамбар. Жүрегімнің көзжасы» альбомы ресми түрде интернетте және жалпы сатылымға шықты. Қаласаңыз лейблдің немесе ШYNGYS-тың ресми сайтынан еркін түрде жүктейсіз, егер альбом көңіліңізден шықса, артистке қолдау көрсетіп аталған альбомды сатып алуды сұраймыз. Альбомның сатылатын нұсқасы әндерден бөлек суреттер және екі беттік буклеттен құралған. Сонымен достар, жүктеңіздер, альбом ұнаса сатып алыңыздар! Артистті қолдауды ұмытпаңыздар!

«Бұл альбомдағы әрбір трек менің өмірімнің, тарихымның айнасы... Бұл альбомдағы ШYNGYS бұрынғы «Қазақ Рэпінің Ханы» емес, бұл шынайы әрі адал ШYNGYS… Бұл cағыныш пен күйініштен жаралған альбом... Бәлкім бәзбіреуге мен тым ашылып кеткен болсам, бәзбіреуге босбелбеу болып көрінермін, алайда... қанша дегенмен жазылған жырым жазылды, жасалған дүние жасалды... Қабыл алыңыздар, «Пайғамбар. Жүрегімнің көзжасы» - тыңдаңыз, түсініңіз, күрсініңіз... Ізгі ниетпен, Әлкеев Шыңғыс. Жүректеріңіз жыламасын...»

«...Қуаныштан жылаймын, күлемін қайғыдан,
Шабытты ауыздықтай алмаймын аласұрған!...»
«Жігіт жыламайды...» әнінен үзінді
«...Білгің келеді ме Шыңғыстың тарихын?
Таң қаларсың білгенде өткен өмірімнің сиқын...»
«Тағдыр» әнінен үзінді
«...Ұмытпаңдар жүрегімді сүйген ессіз,
Күлгенімді көздеріммен үмітімсіз...»
«Мен өлгенде...» әнінен үзінді

Треклист:

  1. Жігіт жыламайды...
  2. Пайғамбар [feat. Бойжеткен]
  3. Мен жайлы
  4. Жүрегімнің көзжасы
  5. Бір күн
  6. Ой толғау [feat. Damon]
  7. С.М.С.
  8. Не үшін?
  9. Мәңгілік Муза
  10. Бағала [feat. Бойжеткен]
  11. Жек көремін
  12. Тағдыр
  13. Қара гүл
  14. Періштем [feat. Ali NayMan]
  15. Кешірім
  16. Жіберемін [feat. Smitty]
  17. Құттықтаймын сені
  18. Жаңажылдық (remix)
  19. Мәңгі сенің...
  20. Тұмар [feat. Айым, Бойжеткен]
  21. Маған бәрібір...
  22. Жанымның күлі
  23. Соңғы мүмкіндік
  24. Мен өлгенде...

Бонус:

25. Ертең сенің туған күнің...
26. Қайырлы түн, бөпетай

Скачать: http://www.ashkzpro.kz/paigambar.html

 

По оптовым продажам:  + 7 705 111 71 11; + 7 700 428 6836; + 7 700 450 8605; + 7 700 491 91 41

0
959
0