Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
07:54, 11 февраля 2011

жаз дабай! пиши давай!

Сонымен бүгін бір жолдас жігіттің айтуымен ДабайКЗ сайтына тіркелдім. Негізі сайтты бұрыннан білемін танимын, сыйлаймын, қуанамын. Тіркелуге бірнеше себептер тоқтатып жүр еді. Ішіндегі жазбаларға пікір жазу үшін ғана тіркелгім келмеді. Екінші себеп, бір блогқа жазып сол арқылы басқаларға тарасын, кросспостинг жүйесі жұмыс істесе деп жүрдім. Жолдас жігіт ДабайКЗ сайтында кроспостинг істейді деген соң тіркелдім, бірақ істеп тұрғанын көрмедім. Мүмкін мен таба алмаған шығармын. Сонымен: ДабайКЗ тегі алғашқы жарияланым: Жазылатын мақала да өте маңызды. Негізі ДабайКЗ те izgilik.wordpress.com/ блогымдағы мақалалар автоматты түрде кросспостинг жүйесімен жарияланып тұрады деп айтылған соң тіркеліп едім. Көпке дейін тіркелмей, Фейзбук немесе Твиттер арқылы кіретін жағдай жасағанда пікір жазармын деп жүр едім.

Әйтпесе екі үш жерден блог ашып бәріне жазып отыруға шама жоқ. Мысалы izgilik.wordpress.com/ блогымдағы мақалалар жарыққа шыққан соң автоматты түрде Фейзбукте, Твиттерде, Ювижнде жарияланады. Енді ДабайКЗ, Ойтөбе, МасаКЗ автоматты түрде шығып тұрса өте тамаша болар еді. Қазыр жергілікті желілердің дамыған, бір-бірімен араласатын заманы ғой. Әрбір блогтың немесе сайттың жеке қолданушылары болады және бірнеше блогты ашып алып, неше түрлі атпен жүретін уақыт болмайды. Қазір тұрақты танымал бір есіміңді қалыптастыру маңызды.
0
438
0