Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:47, 02 марта 2011

Кәмелетке толмаған балалар арасындағы суицидке қоғам жауапты

Имейте мужество жить. Умереть-то любой может
Роберт Коди

Суицид. Кейінгі кездері өз-өзіне қол жұмсау жиілеп кетті, әсіресе өмір есігін жаңа ашып, қызығы мен шыжығына енді ғана кірісіп келе жатқан жасөспірімдер арасындағы суицид белең алып барады. Латын тілінен аударғанда бұл сөз «өзіңді-өзің өлтіру» деген мағынаны білдіреді. Термин XVII ғасырда пайда болып, XVIII ғасырдың ортасына дейін қолданылмай келген. XX ғасырдан бастап «суицидология» термині қолданысқа енгізілді. Алайда адамдардың өзін-өзі өлтіруі ерте кезден-ақ басталған. Мәселен әлемге демократия берген ежелгі Грекияда өз еркімен өмірмен қоштасу тек кей жағдайда рұқсат етілді. Бұл әдісті заң өлімге үкім кескен адамға ғана таңдай алатын болған. Афины мен Фивада биліктің рұқсатынсыз өз-өзіне қол жұмсаған адамның қолы кесіліп, бөлек жерленетін болыпты.

Blog post imageПсихологтардың айтуынша, адамның өз-өзіне қол жұмсауының себептері әр түрлі. Ол көбіне жанұя жағдайы, оның ішінде толық емес жанұя, жанұяның ішіндегі психологиялық факторлардың, ата-ана мен бала, ата-аналардың өзара түсініспеушіліктері материалдық қанағатсыздық, т.б. Күніне әлемде 3000 адам өз-өзіне қол жұмсайды екен.

Қазір әлем бойынша суицид 3 есеге артқан. Мұның себебі неде? Жасөпірімдер арасындағы суицид күннен-күнге артып барады. Және мұндайға баратын жастардың жасы — 14-17 жас аралығы. Бүгінде іні-сіңлілеріміз қиын жағдайдан шығудың «оңай жолын» таңдағысы келеді. Өз-өзіне қол жұмсаған адам ертеңгі өмірін ойламайды, бір проблеманың шекарасынан шыға алмай қалады да, осымен бәрі бітті деп ойлайды. Және дәл сондай күйде оған көмек көрсетер жанашыр адам табылмайды. Психологтар жалақының аздығынан сеңделіп жүреді, ал ата-ана тіршілік қамын ойлап, күндіз-түні жұмыста болады. Меніңше, бүгінгі буынның әлсіз болуына тек қана ата-ана, тек қана мектеп емес, оған тұтас қоғам кінәлі.

Назар аударатын жайт, өмірмен қоштасқысы келетін жасөспірімдер 1994 жылы туылған қыз-балалардан басталады. Мәселен, менің құрдастарымның арасында мұнда жағдайлар сирек кездесетін. Тіпті, бетін аулақ қылсын, естімеппін де. Қаншама проблема, материалдық жетіспеушілік болғанымен, біздер өлім туралы ойламайтынбыз. Ұмытпасам, 6-сыныпта оқып жүрген кезімде менен 5 жас үлкен қыз өз-өзіне қол жұмсады. Үлкен шу болды. Ата-ана мектептен көрді, мектеп ата-анадан көрді. Қазақ жарасын жасырған ел ғой, жабулы қазан жабулы күйінде қалды да, мектепте оқушыларға суицидтің қандай жағдай болмасын, дұрыс емес екендігін түсіндіріп, әңгімелескен адам болмады. Жалпы, адам өз басына күн туғанда ғана ойланатындай көрінеді.

Көктем. Айналаның құлпырып, соған сәйкес қыз-келіншектердің де құлпырып шығатын мезгілі ғой! Жасыл шығып, сезім бүршіктері бүр жарған уақыттың суицидке «қолайлы» мезгілі екені белгілі. Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсайтындары өжет, батыр, жаужүрек емес, оларға шын мәнінде көмек қажет. Қоғамның көмегі қажет.



0
1736
0