Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:38, 09 февраля 2011

www.sailau-2011.kz - www.sailau2011kz.wordpress.com

«Аллажар-қолдау» қоғамдық қоры бастамасымен “Іс жүзіндегі демократия мектебі” – (Школа демократии на практике) жобасының сайты - www.sailau-2011.kz - www.sailau2011kz.wordpress.com ашылды. Бұл жобада Президенттік сайлаудың жоғары деңгейде, әділ және ұйымшылдықпен өтуі, еліміздегі демократияны ту еткен барша қоғамдық ұйымдардың және партиялардың ұстанымдарына нақты сынақ. Сондықтан, «Аллажар-қолдау» қоғамдық қоры, еліміздегі барлық ҮЕҰ мен партияларға ұсыныс-үндеу жариялайды.

Іс жүзіндегі демократия мектебі
(Школа демократии на практике)

Бұл Президенттік сайлау, Қазақ Елі тәуелсіздік алғалы, қоғамымыздағы оң өзгерістердің заңды жалғасы. Сайлаудың жариялануы – Ата Заңын қастерлейтін, еліміздің шынайы патриоттарының, жалпы азаматтық қоғамның талабынан туындаған жеңістің бірі.
Ендігі жерде Президенттік сайлаудың жоғары деңгейде, әділ және ұйымшылдықпен өтуі, еліміздегі демократияны ту еткен барша қоғамдық ұйымдардың және партиялардың ұстанымдарына нақты сынақ. Сондықтан, «Аллажар-қолдау» қоғамдық қоры, еліміздегі барлық ҮЕҰ мен партияларға төмендегідей ұсыныс-үндеу жариялайды:
ҮНДЕУ

1. Елімізде өтетін әр бір Сайлау немесе Референдум, демократия мектебінің бір сыныбына сай екенін ескеріп, Республикамыздың барша азаматтарын өз Президентін таңдауға белсенді ат салысуға шақырып, Президенттік сайлаудың заң аясында өтуіне азаматтық қоғамның бар әлеуетін жұмылдырайық.

2. Еліміздегі тұрақтылық пен үйлесімділікті ары қарай сақтау және халқымыздың сайлау үрдісіне сенімін арттыру мақсатында, барлық Сайлау учаскелерінде, ҮЕҰ мен партиялардың өкілдерінен құрылған, халықтық бақылау комиссияларын жасақтап, сайлау урнасына қанша адам бюллетень тастағанын бейнекамераға түсіріп және оны интернетте on-line режимінде көрсетуді ұйымдастырайық.

3. Еліміздегі барша қоғамдық ұйымдар ортақтасып, «Әр деңгейдегі сайлаулар, іс жүзіндегі демократия мектебі» атты азаматтық қоғам қалыптастыру МЕКТЕПТЕРІН құрып, оның басқарушы Кеңесін жасақтап, мемлекеттілігіміз бен азаматтық қоғамымыздың бар әлеуетін, халқымыздың мәдени-саяси-экономикалық біліктілігін арттыруға белсенді ат салысайық.

4. «Әр деңгейдегі сайлаулар, іс жүзіндегі демократия мектептеріне» арнайы www.sailau-2011.kz сайтын ашып, ҮЕҰ мен партиялардың жазба-фото-видео ақпараттарын тұрақты беріп тұру.

5. «Аллажар-қолдау» қоғамдық қоры, бастамашының үлгісі ретінде, 3 сайлау учаскесінде бейнекамерамен интернетте тікелей эфирде хабар таратып, әр сағат сайын учаске жетекшісінен Сайлау барысы жайлы бейнелі есеп алып, бейнетаспаға жазылған толық ақпаратты Орталық Сайлау Комиссиясына жолдауды өз мойнына алады.

6. Еліміздің демократиялық бағытта мемлекеттілігі мен азаматтық қоғамының үйлесімді дамуын белсенді қолдап, осы ҮНДЕУГЕ қосылатын ҮЕҰ мен партияларды, ұжымдарды және азаматтарды осы ізгі ниетті іске асыруға шақырамыз!

«Аллажар-қолдау» қоғамдық қоры

Байланыс телефондары:

8(727) 225-25-11, 8 701 277 8316 (Марат, жетекші),
8 701 712 4511 (Болат, үйлестіруші),
8 775 134 3402 (Ізгілік, техникалық қолдаушы)

E-mail: nauryzbai@mail.ru sn@sn.kz bolat53@bk.ru

0
579
0