Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
12:22, 07 февраля 2011

Ағажай

Ағажай... Алтайдың Ағажайы... Бар қазақтың бойын сағынышқа бөлейтін «Ағажай» әні жаңа сипатқа ие болды. Қытайда тұратын өнерпаз қандастарымыз Алтай аймағының әкімі Сабыр Айтжанұлының бастамасымен «Ағажай ән-би ариясы» атты театрландырылған тамаша қойылымды дүниеге әкелген.

Ұйымдастырушы «Жаңа әуен» концерттік серіктестігінің директоры Ербосын Нұрмұханұлының айтуынша, бұл қойылымның бюджеті 1 млн. доллар болыпты. Қытай үкіметі мұншама қаржыны үлкен сеніммен бөлген екен. Өйткені, театрландырылған көріністің бас режиссері Қытайға танымал Күраш Ережеп деген ұйғыр азаматы еді.

02.jpg

Ал, сценарийін жазған Қабыләлді Әбдолла деген қаламгер. Шынын айтқанда, Күраш Ережеп пен техникалық жұмыстармен айналысқан бірен-саран өзге ұлт өкілдерін айтпағанда өнерпаздар түгелдей қазақ азаматтары. Тек Алтай аймағы ғана емес, Іле, Тарбағатай аймақтарында тұратын өнерпаздар да ат салысқан. Көрініс төрт перделі – «Өмір дастаны», «Батырлық дастаны», «Махаббат дастаны», «Шаттық дастаны».
04.jpg

Қойылым қазақтың тал бесіктен жер бесікке дейінгі өмірін тамаша көрсетіп берген. Қазірге дейін Қытайда алпыстан астам қойылған арияны тамашалауға жиылған жұрт үнемі залға сыймай қалады екен. Былтыр Шынжаңда өткен әр ұлттың көркем өнер байқауында гран-приден бастап барлық 12 номинацияны жеңіп алған. Қытайы бар, ұйғыры бар, дұңғаны бар, өзгесі бар ауыздары ашылып таң қалған. Қытайдың танымал журналисі, жазушы Уаң деген азамат қазақтың ұлттық өнері туралы тамсана жазып миллиондаған тиражы бар ақпарат құралдарына басыпты.

01.jpg

Өкінішке орай, қытайда өтетін ұлтымызға қатысты осындай үлкен мәдени шараның елімізде естілмей, жоқты-барды көрсететін тележаңалықтардың назарынан тыс қалып қоятыны қынжылтады. Ешқандай отандық телеарна 2 мнл.-ға жуық қазақ тұратын Қытай елінде меншікті тілші ұстамайды. Қытай қазақтары мен Қазақстанның арасындағы мәдени, ақпараттық байланыстың нашар деңгейде екенін көреміз. Тек тұрақты Интернет пайдаланушылар ғана жаңалықтан құлағдар болып отырады. Ал саф өнерге сусап отырған ауылдағы ағайын ештеме көре алмайды. Әйтпесе, «Ағажай ән-би ариясы» бар қазақтың сусынын қандыратын рухани дүние.
03.jpg

Жақында, яғни қаңтардың 23 жұлдызында Шынжаң аймағының Құлжа қаласында ағайынды бес қазақ жігіті ұзындығы 213,2 метр, салмағы 1256 келі болатын қазақы қазы жасап шыққан. Дүниежүзі Гиннес рекордтарын бағалау комиссиясы қазақы қазыны «Дүние жүзіндегі ең ұзын ұлттық қазы» деген арнаулы атақ тағайындаған. Ал  2007 жылы Үрімжі қаласындағы «Ақбұлақ» мейрамханасы 90 метрлік қазы жасап Гиннестің рекордын жасаған еді. Бұлардың ешқайсысынан біздің отандастырымыз дер кезінде хабардар бола алмады. Дегенме, Мақтал, Рахат бастаған ағайынды бес жігіттің рекордын жаңалайтындар елімізде табылып қалар деген үмітіміз жоқ емес.

00016ce4f6f10ea731ab01.jpg

0
591
0