Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 767 постов40 подписчиков
Всяко-разно
0
03:39, 05 февраля 2012

Допты хоккейдің шайбалы хоккей "көлеңкесінен" шығар күн туды ма екен?!

Blog post image

Қаңтардың 29-ы мен ақпанның 5-і аралығында Алматы қаласында өткен допты хоккейден әлем чемпионаты, осы спорт түрінің қазақ жерінде дамуына үлкен серпіліс болатынына күмәнім жоқ. Осынау ірі доданың қазақ жерінде өтуі, допты хоккейдің әлем федерациясының Қазақстанға деген сенімі мен құрметінің белгісі. Кеңестік дәуір кезінде талай топ жарған қазақ командалары, бұрыннан допты хоккейді сүйіп көретін жанкүйерлердің әлі есінде. Тәуелсіздік алғаннан кейін бұл аса тартымды спорт түрінің дағдарыс кезеңі басталды. Кезінде Кеңес Одағының чемпионы, Еуропа кубогының иегері болған даңқты "Динамо" клубының құлдырауы, Қазақстанның допты хоккейден қол үзуіне себеп болды. Әлемге аты шулы болған "Динамо" клубының көптеген дарынды хоккейшілері бас сауғалап жан-жаққа тарап кетті. Осындай қиын жағдайлардан кейін Қазақстандағы допты хоккейді жандандыру үшін 10 жылға тақам уақыт кетті. 2003 және 2005 жылдары жүлделі болған Қазақстан құрамасы, қазақ жанкүйерлерінің жүректеріне үміт отын жандырды. Енді міне 2012 жылы, өз жерімізде тағыда мықты үштік қатарынан танылдық! Осы жылы алған жүлделі орын, сонау 2003, 2005 жылы алған қола жүлделерден асылырақ, қымбатырақ болды. 2012 жылы ойын көрсеткен Қазақстан құрамасы әйдік Швеция, Ресей құрамаларынан артық болмаса, кем болды деп айтуға дәтім бармайды. Біздің құрама кем дегенде күміс жүлдеге лайықты еді, әттең Швед төрешісінің қазаққа деген суық лебізі жігіттердің екпінін тежеді. Әлем федерациясында отырған ірі Швед мүшелеріне Қазақстанның финалға шығуы күтпеген жағдай болушы еді, сондықтан болар жеңіліп жатқан азаматтарына қол үшін берді. Қазақстан мен Швеция арасында өтіп жатқан ойынның бас төрешісі Швед болуының өзі ойға қонымсыз жағдай. Неге басқа скандинав мемлекеттерінің төрешісін қоймасқа, неге Швед төрешісі?! осы сұраққа жауап іздеу қиынға соқпас. Федерацияда отқан мүшелер бұрыннан финалда ойын көрсетенін командалар тізімін құрып қойған. Сол себепті жоспардың орындалмауы оларға ауыр тиер еді. Қайткенменде біздің жігіттердің көрсеткен ойындары мақтанарға тұрарлық! Барлықтарыңызды осы жеңіспен құттықтағым келіп отыр! Қай спорт түрі болмасын, өз жігіттерімізді барынша қолдағанымыз жөн!

0
604
0