Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 767 постов40 подписчиков
Всяко-разно
0
09:46, 07 февраля 2011

yourvision жаңа мүшесі....

Қайырлы кеш достар! Бүгінгі сәт мен үшін маңызды, алғаш рет өз атымнан бірен-саран сөз қалдырып, өзімді yourvision жобасының толыққанды мүшесі екенімді сезінген күн. Бұл жобада еліміздің түкпір-түкпірінен аса дарынды, елінде болып жатқан оқиғаларға бейқам қарамайтын жастар жиналған. Осындай жастармен ой бөлісіп, пікір алмасу, мен үшін өте маңызды. Ғаламторда осыған ұқсайтын жобалар жетерлік, бірақ осы жобада талқыға салынатын мәселелер, белгілі бір маңызды оқиғалар, әр-түрлі көзқарастардан, айқын талқыланады. Сондықтан болар осы жобаның мүшесі болғанымды қаладым.Әрине, қазір менің жазғанымды оқып, назар қойған жандар өте мардымсыз болатын шығар, бірақ бұл алғашқы жазбам болғандықтан, кешірімді. Өкінішке орай көп жастар орысша ойлап, орысша жазады. Әрине менің оларға ешқандай қарсылығым жоқ, өздері қалаған тілде жаза берсін, бірақ қазақша ойлап, өз пікірін қазақ тілінде білдіргісі келетіндер үшін шыны керек қиындау. Мен өз басым кішкене болса да, қазақша пікірталас ''ареналарын'' құрып, таза қазақша ойлайтын жастарды жинамақ ойым бар. Кіші болса да, бір үлесімді тигізіп кетсем, менің қолымнан ешкім қақпас деген тілектемін! 
0
271
1