Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:47, 01 февраля 2011

Қазақ тілді сайттарымыз аз

Университетте оқытушылар тапсырма берсе, студенттердің жартысынан көп бөлігі интернетке жүгіретіні анық.

Бұл студенттің кітап бетін ашуға ерінгендігі емес, ол техниканың заманауилығынан. Интернетте қазақша ақпарат бар ма, жоқ па деп ойланбастан жүгіреміз. Бірақ, іздегенімізді әрқашан таба алмаймыз. Мемлекеттік тілде шығарылатын басылымдар саны мен қазақ тіліндегі сайттар қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі деп айтсақ та болады. Бүгінде студентке мемлекеттік тілімізде ақпарат іздеп табу қиын болып тұр. Әсіресе жатақханада тұратын студенттерге ауырға соғады. Қалада тұратын студенттер өз үйлерінде немесе туыстарында күні-түні компьютер алдында отырса да, тауып алу мүмкіндігі көбірек. Ал жатақхана студенттері деректерді немесе керекті ақпараттарды тауып алғанша қаншама ақшаларын интернетклубтарда құртады. Кейбір кездері берілген уақыттарының ішінде өзіне керектісін таба алмай, үлгермей, түксіз қайтатыны да шындық. Елімізде қазақша сайттарымыздың саны орыс тіліндегі сайттардың санынан әлдеқайда аз.


0
299
0