место в рейтинге
  • 853777
  • 8974
  • 566
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Менің сүйікті қазақ тілді әндерім

Сол көргенімнен нақты қанша жыл өткені есімде жоқ. Әйтеуір, СОК-тың(Спортивно оздоровительный комплекс) қасында құрбыммен қыдырып жүрген болатынмын. Алдымыздан ұлты орыс жұп қол ұстасып озып кетті. Ал жігіттің ұялы телефонынан бір таныс әнді естігендей болдым. Құрбым маған жалт қарап, бұл "Бәйтерек" тобының "Сен" атты әні емес пе деп сұрады. Сонда менің тұла бойымды бір түрлі жылы сезім жаулап алғандай болды. Махаббат тақырыбына арналған өлеңдердің қай тілде айтылып жатқаны соншалықты маңызды ма? Мен өз көзіммен көрген мысалға қарап, жоқ деп жауап берер едім.

Алайда, бұл жазбамның басты тақырыбы ол жайында емес.

Мен сіздердің көңіліңізді қазіргі қазақ тілді әндерге бұрмақпын. Нақтырақ айтқанда, өзім ұнататын және қаншама уақыт өтсе де "плей-листтен" өшірмейтін өлеңдер тізімімен таныстырғым келіп тұр.

1. "ДоМажор" тобының "Ғашығым" әні. Оны кей жерлерде "Арманым" немесе "Қайда жүрсің сен?" деп атайды. Ал мен оны көпке дейін "Жүрегімді жаралап" деп атап жүрдім)) Бұл топ мүшелерінің дауыстары ерекше таза, құлаққа жағымды болып көрінді. Сондықтан ең сүйікті әндер қатарына жатқыздым.

2. Келесі өлең Ғаділбек есімді әншінің "Жылама жаным" атты туындысы. Бұл жерде енді айтар сөз жоқ. Бұл өлең айырылысып кеткен көптеген бойжеткендердің жүрегін жұбатқан шығар. Солардың қатарында мен де бармын. Ал осы жазбамды даярлау барысында, алғаш рет осы әнге түсірілген бейне-клипті тамашаладым. Өздеріңіз де байқап көріңіз!

3. Тағы бір сүйікті өлеңім Самал тобының "Сезім азабы" атты шығармасы. 2010-жылдың жазында радиодан күн сайын тыңдайтын едім. Сонда да жалыққаным жоқ. Сөздері керемет! Құлақ салып көріңіз...

 

Осы үш әнді тыңдағанда ерекше сезімге бөленемін. Бір жағынан олар маған байсалдылықты, рақатты сыйласа, екінші жағынан ішкі дүниемді аударып жібереді, ішімде белгісіз әлдене ең тереңде жатқан елестерімді оятып, барлығын қопарып тастайтын сияқты. Сонда да, тыңдаған сайын бірінші рет тыңдап тұрғанымдай сүйсінемін.

 

4. Ал енді тағы бір тамашалағым келіп тұрған бейнеклип Жеңісханның "Әлем" өлеңі. Алғаш рет көргенімде қатты таңқалдым. Бойжеткеннің кейпі, жалпы қойылым, оның стилі  менталитетімізге қайшы болғандай көрінді. Бірақ маған сонысымен де ұнаған шығар... Тағы бір айта кететін жайт, клиптегі көлік шіркін тамаша екен)))

5. Ал мына жігіт тіпті керемет! Есімі Айса. Әннің аты "Бақ құсым". Өздеріңіз де естіген боларсыз. Шетелдің Ne-Yo деген әншісіне еліктейтін сияқты. Десек те жаман емес. Өте жақсы деген баға беремін.

****************************************************************

Осы жазбамның қорытындысына келетін болсам, ең басында мен орыс ұлтты жұпты бостан босқа еске алғаным жоқ. Дәл сол мезетте, олар менің алдымнан қол ұстасып өткенде мен бір ақиқатты түсіндім. Біздің өмірімізбен жанаспайтын музыка әлемінде махаббат сезімінің ерекше өзіне ғана тән әуені бар. Және сол әуенді тек қана сүйе білетін, нағыз пәк сезімді жүрегінен өткізе білген адамдар ғана естей алады. Өлеңдер қай тілде айтылса да, нағыз махаббат сезімінің әуенін басқа дыбыстармен шатастырып алу мүмкін емес. Өйткені махаббат Африкада да махаббат емес пе? ;)

PS. Ал сіздің сүйікті махаббат жайлы қазақ тілді әндеріңіз қандай?

Айгуль Жамалова Aigul4itai
And then she`d say: It`s ok, I got lost on the way. But I`m a supergirl. And supergirls don`t cry. (Reamonn)
30 января 2011, 22:53
5721

Loading...

Комментарии

Сенің жазбамнан кейін осы өлендерді тындап алам)) Ертерек қазақ өлендерді аз ғана естідім. Бұл ұят қой,білемін)) Солай ойлаймын, менің қазақ тілінді білү жақсартуға керек
Өлеңдерді тыңдап көр, ұнайтын шығар. Ал қазақ тіліңді расында да сәл-сәл жөндеу керек, бірақ бастамасы жақсы)))
Жақсы өлеңдер! Өз плэйлистімді тіпті ұмытып кеттіппін) Тағыда біреуін шығру керек
Жеңісханның клипі жайлы не ойлайсың? Ұнады ма?
Рахмет, Айгуль)
"Келші Бағыма" - өте сұлу әні, кстати))
айтпақшы дегіңіз келген шығар))
О, рахмет, енді ұмытпаймын))
Сұлу қыз,
Көршінің қызы,
Ақбота Керімбекова - Қош бол махаббатым,
Уркер - Жаным
Соңғысы расында да керемет ән! )
Үстіңгі әндерден Самал тобы мен Ғаділбек әндері әдемі шыққан. Өзіңді баурап алады.
Қосымша менің сүйікті әндерімнен.
ОРДА — Түнгi жанбыр
МузАрт & Меломен - Келеді кездескім
Арнау — Аңсарым сен
Негізі саны көп көңілден шыққан. Әзірге еске түскендері осы. )))
Маған да Орда тобының әндері ұнайды. МузАрт тобының тағы "Сен келерсің бір күні" деген әні жақсы.
Akma-q
0
0
АБК тобының "Тамшылар" әні керемет. Сосын тағы Ринат Гайсиннің "Ойлай берме" әні. Оларды тыңдудан ешқашан жалықпаймын. Жалпы, махаббат туралы әнді қай тілде тыңдасаң да, мән-мағынасын түсінесің)
Дәл сол ойды айтқым келіп еді. Тіпті испан тілінде айтылса да махаббат жайлы шырқалып жатқанын бірден түсінесің)
Мен неге екенін білмемін, сөзін толық немесе мүлдем түсінбейтін өлеңдерді ғана тыңдауды ұнатамын.
Ол сонда қалай? ))
Ондай қазақ тілді өлеңдер бар ма? ))
Жоқ, сіз түсінбедіңіз ғой деймін. Мен шетелдік әндерді тыңдау туралы айтқым келген))
Негізі мен де солай түсіндім)) Бірақ сонд да үміттеніп сұрағаным ғой)))
Жылама жаным бейнеклипі өте күшті екен....жылағым келіп кетті ғой....өмір шындығы(((
Жігіт сүйген жарының кінәсін өтеп жүрсе, ол өзінің жеке өмірін құруда... Өкіішті-ақ... ((
Сәкен Майғазиевтің "Түсін жаным" әні өте керемет, қатты ұнатамын!
тыңдап көру керек!
Айдарбек Рысбек - Оралшы махаббат
қазір, іздеп тыңдап көрейін))

Менің тізімімдегі әндер! әлі де толықтырудамын...
Алғашқы екі өлең маған да өте ұнайды.
жақсы өте маған ұнады бәріде жақсы керемет!
жақсы естіледі екен өте жақсы мен бұған 20 бал берер едім!


Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Насобирал разных фотографий про наш город, из семейного архива. Фотографии не от сканированные, а пересняты на телефон. Давно хотел выставить, но не решался) Сейчас уже мы все поменялись, уже...
Ispanec
22 февр. 2017 / 11:05
  • 11881
  • 23
«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

Ну реально же, парни, откуда вы только беретесь такие простые, а? Я сейчас просто расскажу несколько историй из личного опыта, и судите сами – нормально это? Но для начала расскажу немного о себе...
socium_kzo
22 февр. 2017 / 11:38
  • 6717
  • 92
Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Среди моих знакомых есть одна милая девушка, она тоже молодая мама как и я. Очень открытая, видная, недавно вышла на работу. У нее счастливая семья и все, тьфу-тьфу, складывается хорошо.
Roza_pvl
19 февр. 2017 / 11:49
  • 5870
  • 43
Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Я совсем не смотрю передачу "Пусть говорят", слишком много ругани и негатива, но новость про какую-то девушку заполонила все мои социальные сети, я открыла youtube и посмотрела несколько передач...
Roza_pvl
22 февр. 2017 / 11:49
  • 4792
  • 33
Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Итак, по просьбам трудящихся и по крикам души коллективного бессознательного решила я написать пост на эту тему. Вводные данные: 1) нет имущества, которое можно продать для покупки собственного...
DanaJarlygapova
20 февр. 2017 / 16:17
  • 4125
  • 46
50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

Друзья, представляю вашему вниманию второго героя моей рубрики "50 бизнес-встреч с лучшими (по моей версии) предпринимателей Астаны за 100 дней" - Асхата Солтанова!
Kultursyn
20 февр. 2017 / 12:46
  • 3921
  • 18
Я не националист, но выйду замуж только за казаха. 22 факта обо мне

Я не националист, но выйду замуж только за казаха. 22 факта обо мне

Всем доброго времени суток! Поскольку сейчас долгожданные выходные, я болею и имею полное право ничего не делать за чашечкой горячего чая, то решила все-таки написать этакий скромный пост о себе...
Sserikyzy
18 февр. 2017 / 16:35
Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Я очень долго думала писать данный пост или нет. Потому, что тема очень тонкая, возможно кого-то может задеть, а, возможно, наоборот кому-то откроет глаза. Тема замужества в каждом поколении была и...
Adilyan
21 февр. 2017 / 20:22
  • 3450
  • 18
Диана Шурыгина как один из PR-инструментов продвижения своего товара и бренда

Диана Шурыгина как один из PR-инструментов продвижения своего товара и бренда

Простому обывателю социальных сетей уже известно, что самой обсуждаемой персоной в последнее время является печально известная 16-ти летняя девушка из Ульяновска Диана Шурыгина.
tala03
21 февр. 2017 / 13:27
  • 3252
  • 13