• 8970
  • 1
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Бөкенбай батыр

Қазақстан Республикасының

Президенті

Нұрсұлтан Назарбаев мырзаға


Құрметті Президент!

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Атамыз қазақ артқыларға айтып кеткен бір сөзінде «Елін сыйламаған ер азады, Ерін сыйламаған ел тозады» деген екен.

Ғасырларға жалғасқан қасіретті бодандық қазақ халқын аздырды, тоздырды. Тілімізден, ділімізден, дінімізден айрылдық. Ұлтымыздың рухы жұтады. Мың өліп, мың тірілдік. Қазір міне тәуелсіздік алғалы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дұрыс басқаруының арқасында тіріліп жатқан жағдайымыз бар. Елбасымыз  «Атамұра», «Мәдени мұра», бағдарламалары мен  «Қазақстандық патриотизм» туралы 2006 жылғы жарлығында еліміздің барлық азаматтарына үлкен жауапкершілік жүктеді.

Қазақ халқының рухын, елдігін сақтау жолында қан төгіп, жан берген аруақты тұлғаларды қастерлеуге міндеттейді.

Ақтөбелік зиялы қауым өкілдері осы күнге дейін орынсыз ескерілмей келе жатқан Табын Бөкенбай батырды ұлықтауға, елеусіз қалған есіл ердің есіміне ел тарихынан өз орнын беру шарасына Сізден жәрдем сұрайды.

Табын Бөкенбай  -1667 жылы қазіргі Ақтөбе облысының Мәртөк- Қобда аудандарының аймағында дүниеге келген. 1710 жылы Қарақұм құрылтайында бас қолбасы болып сайланған. Жоңғарларға қарсы 1726-1729 жылдардағы Бұланты, Бөленті, Аңырақай, Қалмақ қырылған т.б. соғыстарда қол бастаған. 1742 жылы елінің бостандығы үшін Торғауыттармен болған қырғында қайтыс болған.

Табын Бөкенбайдың ерліктері, адамгершілігі туралы Әбіш Кекілбаев «Үркер»,  «Елең-алаң» романдарында өте анық жазған. Орыс ғалымдары Гавердовский, Левшин, орыс елшісі Тевкелев, қазақ ғалымы М.Тынышбаев, орыс ғалымы Ерофеева өте терең зерттеулер жазды. Онискованың, Уталиев Сәкеннің, Жетпісбаевтың мақалалары бар. Ақын Жөкей Шаңғытбаев  «Бөкенбай» атты дастан жазған.

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында «Бөкенбай шоқысы» бар.

 

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Осы Табын Бөкенбай батырды ұлықтау бойынша зиялы қауым Сізден төмендегі шараларға жәрдем сұрайды:

1.      Бөкенбай батыр ұлы тарихи және саяси тұлға. Сол себепті Ақтөбеде биыл халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтсе;

2.       Бөкенбай батыр атына Мәртөк ауданы берілсе;

3.      Ақтөбе қаласындағы Маресьев көшесі Бөкенбай батырдың атына қойылса өте дұрыс іс болар еді деп ойлаймыз. Бұл шаралар істелсе, Табын Бөкенбай батыр тарихтан өз орнын алса, халқымыздың рухы толыса түсуіне септігін тигізер еді.

Құрметпен Сізді қадірлеуші Ақтөбе зиялылар атынан:

 

Ақтөбе облысының Әкімі

Елеусін Наурызбайұлы

Сағындықов мырзаға


Құрметті  Елеусін Наурызбайұлы!

Атамыз қазақ артқыларға айтып кеткен бір сөзінде «Елін сыйламаған ер азады, Ерін сыйламаған ел тозады» деген екен.

Ғасырларға жалғасқан қасіретті бодандық қазақ халқын аздырды, тоздырды. Тіліміздeн, ділімізден, дінімізден айрылдық. Ұлтымыздың рухы жұтады. Мың өліп, мың тірілдік. Қазір міне тәуелсіздік алғалы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дұрыс басқаруының арқасында тіріліп жатқан жағдайымыз бар. Елбасымыз  «Атамұра», «Мәдени мұра», бағдарламалары мен  «Қазақстандық патриотизм» туралы 2006 жылғы жарлығында еліміздің барлық азаматтарына үлкен жауапкершілік жүктеді.

Қазақ халқының рухын, елдігін сақтау жолында қан төгіп, жан берген аруақты тұлғаларды қастерлеуге міндеттейді.

Ақтөбелік зиялы қауым өкілдері осы күнге дейін орынсыз ескерілмей келе жатқан Табын Бөкенбай батырды ұлықтауға, елеусіз қалған есіл ердің есіміне ел тарихынан өз орнын беру шарасына Сізден жәрдем сұрайды.

Табын Бөкенбай  -1667 жылы қазіргі Ақтөбе облысының Мәртөк- Қобда аудандарының аймағында дүниеге келген. 1710 жылы Қарақұм құрылтайында бас қолбасы болып сайланған. Жоңғарларға қарсы 1726-1729 жылдардағы Бұланты, Бөленті, Аңырақай, Қалмақ қырылған т.б. соғыстарда қол бастаған. 1742 жылы елінің бостандығы үшін Торғауыттармен болған қырғында қайтыс болған.

Табын Бөкенбайдың ерліктері, адамгершілігі туралы Әбіш Кекілбаев «Үркер»,  «Елең-алаң» романдарында өте анық жазған. Орыс ғалымдары Гавердовский, Левшин, орыс елшісі Тевкелев, қазақ ғалымы М.Тынышбаев, орыс ғалымы Ерофеева өте терең зерттеулер жазды. Онискованың, Уталиев Сәкеннің, Жетпісбаевтың мақалалары бар. Ақын Жөкей Шаңғытбаев  «Бөкенбай» атты дастан жазған.

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында «Бөкенбай шоқысы» бар.

 

Құрметті Елеусін Наурызбайұлы!

Осы Табын Бөкенбай батырды ұлықтау бойынша зиялы қауым Сізден төмендегі шараларға жәрдем сұрайды:

4.      Бөкенбай батыр ұлы тарихи және саяси тұлға. Сол себепті Ақтөбеде биыл халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтсе;

5.       Бөкенбай батыр атына Мәртөк ауданы берілсе;

6.      Ақтөбе қаласындағы Маресьев көшесі Бөкенбай батырдың атына қойылса өте дұрыс іс болар еді деп ойлаймыз. Бұл шаралар істелсе, Табын Бөкенбай батыр тарихтан өз орнын алса, халқымыздың рухы толыса түсуіне септігін тигізер еді.

Құрметпен Сізді қадірлеуші Ақтөбе зиялылар атынан:

 

Қараның бәрі қыран емес.

Датқа дат.

Сонау XVIII ғасырда халқының тәуелсіздігі үшін атқа мініп, соңына қалың жұртын ерте білген, қол бастап,Ұлы далаға көз тіккендерге тойтарыс беріп, ел үмітін жандандырған  табын Бөкенбай Қарабатырұлының атының баспасөз беттерінде жиі шығып, оқырмандардың назарына түскені қуандыратын жағдай.

Қазір Бөкенбай Қарабатырұлының тарихтың қиын-қыстау кезеңінде жалпы алаштың батыры ретінде шешуші айқастарда  жасаған ерліктері біршама айтылыпта, жазылыпта жүр. Бірақ, өкінішке орай кей жағдайда мұрағат деректері де оны пайдаланушының ыңғайына қарай бұрмаланып, адам үшін қажетті ұстаным тарих ақиқаты, соның ішінде шыққан тегін анықтауда шындық қолдан өзгертіліп, оқырман қауымды шатастырып жатқандай. Мұның барлығы жинала келіп, өскелең ұрпақтың ата-бабасының даңқты жүріп өткен жолына құрметпен қарап, мақтаныш сезімін ұялатудан гөрі түрлі сенімсіздікке ұшыратып, шындықтың мәресін алшақтата түсетіндей болып көрінеді.

Оған себеп 29 шілдеде № 93-94 «Ақтөбе» газетінде «Қарабатыр руының шығу тегі жаңсақ жазылған» және 2-8 қыркүйекте № 35 «Ана тілі» газетінде басылып шыққан «Қарабатыр ұрпағы хақында» атты Мәжит Ақжігіттің мақаласы. Мақалада автор Бөкенбай батырдың шежіресіне байланысты тарихи деректердің барлығын өзінің ішкі жорамалы бойынша жоққа шығарып, Қарабатыр ұрпақтары Жиенбеттен емес Кедейқұлдан тараған деген ұйғарым жасайды.

Мәжит ақсақал арнайы іздеп келіп, ой-пікір алысып, кездескенбіз. Сол сәтте зерттеушінің қолына Бөкенбай батырдың ағайындарының келісімімен бірлесіп жасалынған шежіресін ұстатып, түсініктеме бергенмін, бірақ автор ол деректерді қабылдамаған сияқты.

Бөкенбай ұрпақтарының Табын Жиенбеттен тарағаны туралы деректер жеткілікті және даусыз болуға тиіс деп есептеймін. М. Тынышбаев «Қазақ халқының тарихы, этнографиясы мен археологиясы» - деген кітабының 193 бетінде кіші ру шежіресінде: Табын – Тарақты табын – Жаманкерей – Амандәулет – Жиенбет – Алдасүгір,Жалтыр-деп көрсеткен. Ақселеу Сейдімбек «Қазақтың ауызша тарихы»-деген шежірелік деректерді пайымдау атты кітабының 384 бетінде – «Кіші жүз жетіру бірлестігінде табын тайпаларының құрамында Жиенбет руы бар.Ол Табын – Ағым(Тарақты) – Амандәулет – Жиенбет»-деп көрсеткен.(«Фолиант» баспасы, Астана – 2008 жыл.) Ал Жиенбеттен Алдасүгір-Жалтыр аталықтарының бастау алғаны барлық шежірелерде көрсетілген. Алдасүгірдің ерлігіне байланысты халықтың қастерлеп қойған аты Қара емес Қарабатыр екені де ғылми деректерде жеткілікті көлемде айтылып, жазылып келеді.(Ә.Кекілбаев «Үркер»).

Тарих бетінде көп жылдар бойы Бөкенбайдың ерлігі бұрмаланып, басқаға таңылып келгенімен, соңындағы ұрпақтары Тіленші, Жоламан, Едіге Әжібай, Әбіті, Ақас батырлар институтін құрап, өз шежірелерін құрған жоқпа? Олар тектік шежірелерін білмейді деп кім айта алады? Қазіргі уақытта Бөкенбай батырдың Тіленшіден тараған ұрпақтарының бірі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигі Ақас Аманғалиұлы, Едігеден тараған Батыс Қазақстан медициналық институтінің доценті Бақыт Сұлтангерейұлы, Мәмбеттің Жантілес деген баласынан тараған ауылшаруашылығына еңбегі сіңген, көп жылдары директорлық қызмет жасаған Мұратбай ақсақал, Жоламаннан тараған ішкі істер қызметінің зейнеткері Нұржанов Батырхан, Мәмбеттің Тасым деген ұрпағынан шыққан, елімізге танымал ғалым, бөкенбайтанушы, табиғат ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Гуманитарлық зерттеу институтінің директорының орынбасары Айсұлу апайды және Бөкенбай Қарабатырұлына санаспай қызмет жасап жүрген Гуманитарлық зерттеу институтінің директоры, филология ғылымының докторы, профессор Алпысбай Мұсайовті ата-баба шежіресін білмейді деп айту Бөкенбай Қарабатырұлына және ұрпақтарына жасалынған қиянат сияқты. Профессор З.Байдосовтің зерттеулерін қабылдамауға бола ма? Көзінің тірісінде аталарының айтуы бойынша Бөкенбай бабасының шежіре тарихын қағазға түсіріп, бізге өсиет етіп табыс еткен Тіленшіден  тараған Едіге ұрпағы Ғалымгереев Қапият ақасқалды ескермей кетуге бола ма?

Рас, Тарақты табын шежіресінде Асандәулеттен тарайтын Кедейқұл бөлімінде Қара деген аталық бар, бірақ бұл Қарабатыр емес. Мақсұт Неталиевтің Қарос(Қарабатыр) деп көрсеткені қате екені «Алаш» тарихи-зерттеу орталығынан шыққан «Қазақ ру-тайпаларының тарихы» Табын» кітабының II-томында дұрыс көрсетілген деп есептеуге болады. Архивтен алынған материалдарға сүйенсек,1896 жылғы экспедицияның «Сведения уездных начальников о киргизах других уездов и областей, вкочевывающих в Актюбинский уъезд» - деген мәліметінде Қобда және Қара қобда болысында Жылқышы Табыннан тарайтын Құлатай-Байғазы аталығынан шыққан Кедейқұлдан тарайтын Құлжа, Олжабай және Сатыбалды бөлімі көрсетілген, ал Қара туралы дерек көрсетілмеген. Мақалада көрсетілген Т.Әбдіұлының шежіресінде Қара аталығын Ебес бөлімінен шығарып қойған, бұл анық қателік.

Қалдыбай Құттымұратовтың 2009 жылы шыққан «Тарақты табын шежіресі» деген кітабында Кедейқұлдың бір баласы Қарабатыр емес, Қара деп көрсетілген. Осы кітапта Бөкенбай батырдың шежіресі Амандәулет Жиенбеттен таратылып, бүгінгі ұрпақтарына жалғастырылып, шындықта толық жазылған. Мақала авторы қаншама Қараға Қарабатырдың атын аяусыз таңғанымен Қарадан тараған ұрпақтар да бөлек. Оның есесіне Жиенбеттен шыққан Қарабатырдың ұрпақтарының шежіресі бүгінгі өмір шежіресімен бірлесіп, бабаның рухын асқақтатып, шындықты көрсетеді.

Шежіреге мұқият көз салсақ Кедейқұлдан шыққан Қара ұрпақтары Жиенбеттен шыққан Қарабатырдың ұрпақтарынан шамамен үш ата төмен. Егер Ілияс Есенберлиннің есебі бойынша тарих өлшемінде ұрпақ пен ұрпақтың тоғысатын кезеңі 25-28 жылдардың аумағы болса, онда Қарабатыр мен Қараның арасы орташа есеппен 75-80 жылдық айырмашылықта. Бұл тарих жолында өте көп уақыт. Қажет десеңіз 70 жылда әлеуметтік жүйе өзгерген жоқ па? Тоталитарлық Кеңес дәуірінің орынына Тәуелсіз Қазақстанның келгені бізге мүмкіншілік беріп, ұмытылған ата-бабаларымызды рухтап, шындыққа сай аттарын шығарып, өскелең ұрпаққа  абыроймен жеткізуді  міндеттеген сияқты.

Біздің де басқа ешқандай ойымыз жоқ. Тек ақтың – ақ, қараның қара болғанын қалаймыз.

 

Жақсат Қарылғашов.

 

Zh_Karylgashov
15 января 2011, 18:50
2923

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Насобирал разных фотографий про наш город, из семейного архива. Фотографии не от сканированные, а пересняты на телефон. Давно хотел выставить, но не решался) Сейчас уже мы все поменялись, уже...
Ispanec
22 февр. 2017 / 11:05
  • 13183
  • 26
Маргулан Сейсембаев: «Обучая детей в Англии, мы ментально растим граждан другой страны»

Маргулан Сейсембаев: «Обучая детей в Англии, мы ментально растим граждан другой страны»

Они становятся «не казахстанцами. Центром их жизненных интересов становится другая страна и другая культура, не Казахстан. Они просто не видят себя в нашей стране, не хотят возвращаться и по сути мы...
Zhumanova
вчера / 11:35
  • 11546
  • 7
В больнице пара бахил стоит 50 тенге, а оптом 4 тенге. Чувствуете разницу?

В больнице пара бахил стоит 50 тенге, а оптом 4 тенге. Чувствуете разницу?

Получается, цены на бахилы не повышались, а кто-то повысил их самовольно. Я думаю, что на этом пытаются заработать. Позже я нашла ещё одну удивительную штуку:) Упаковка бахил в количестве 50 пар...
killer_slova
26 февр. 2017 / 9:15
  • 7869
  • 32
«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

Ну реально же, парни, откуда вы только беретесь такие простые, а? Я сейчас просто расскажу несколько историй из личного опыта, и судите сами – нормально это? Но для начала расскажу немного о себе...
socium_kzo
22 февр. 2017 / 11:38
Трамвайные пути Алматы ни в коем случае нельзя убирать, это окончательно уничтожит трамвай

Трамвайные пути Алматы ни в коем случае нельзя убирать, это окончательно уничтожит трамвай

В Алматы было сделано несколько заявлений касательно ситуации с трамваем, опять же не в пользу его восстановления и возвращения на улицы города. В городе собираются демонтировать рельсы...
SKYFALL
24 февр. 2017 / 16:01
  • 7800
  • 5
Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Я совсем не смотрю передачу "Пусть говорят", слишком много ругани и негатива, но новость про какую-то девушку заполонила все мои социальные сети, я открыла youtube и посмотрела несколько передач...
Roza_pvl
22 февр. 2017 / 11:49
  • 6597
  • 34
О Димаше. Как же люди не поймут, что эстрада – это уныло, пафосно и скучно

О Димаше. Как же люди не поймут, что эстрада – это уныло, пафосно и скучно

Сплошные преувеличенные восторги в ленте фейсбука меня не удивляли. Нет пророка в своем отечестве, кумиром Димаш Кудайбергенов стал только после своего успеха в Китае. А представьте себе его...
myma
вчера / 10:45
Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Я очень долго думала писать данный пост или нет. Потому, что тема очень тонкая, возможно кого-то может задеть, а, возможно, наоборот кому-то откроет глаза. Тема замужества в каждом поколении была и...
Adilyan
21 февр. 2017 / 20:22
  • 4230
  • 20
Диана Шурыгина как один из PR-инструментов продвижения своего товара и бренда

Диана Шурыгина как один из PR-инструментов продвижения своего товара и бренда

Простому обывателю социальных сетей уже известно, что самой обсуждаемой персоной в последнее время является печально известная 16-ти летняя девушка из Ульяновска Диана Шурыгина.
tala03
21 февр. 2017 / 13:27
  • 3924
  • 15