Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:32, 30 декабря 2010

Қазақ әдебиеті/"Мың бір күн"

Барлықтарыңа сәлем, мен осы постта қазақ әдебиетіне кішкене көңіл бөлгім келді. Біз барлығымыз шет ел әдебиетін сүйіп оқимыз, әрине, олар өте қызықты, мен өзім оларды жақсы көремін. Бірақ кей кезде ана тілімен жазылған әдеби шығармаларды іздей бастаймын.

Абай Құнанбаев, Жүсіпбек Аймауытов, Ғабит Мүсірепов, Мұхтар Әуезов, Міржақып Дулатып, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев және тағыда көп ақын-жазушыларды танисыздар деп білемін. Шынымды айтсам мен бір ғана толық роман "Ұлпан"-ды  оқыдым. Ұят әрине. Мектеп және колледж қабырғасында хрестоматия оқулығынан басқа қысқартылған туындылармен таныстым. Қазіргі кезде Жүсіп Қыдыровтың "Мың бір күн" махаббат кітабын оқып жатырмын. Сіздерге мына өлең жолдарын таныстырсам:

Сен күнсің ғой,
мен - жермін дөңгеленген,
"Қара" жұлдыз емеспін сөнген, өлген
Бірақ, саған -айырмам жоқ та шығар
Сені айналған ынтызар өзгелерден

Сен күнсің ғой, жап-жарық, тілек үнім,
Кеңістікке тараған күле нұрын.
Сенің үшін мен кіммін?
Жай әншейін
Сені айналған тоғыздың біреуімін

Бәлкім солай...
сыр айтып шешілмедің, 
Әлде қатем болар ма осы менің
Сепкен нұрың топыраққа босқа кетпей
Гүлдеп жатыр құлпырып, төсім, белім

Сен күнсің ғой, таратқан жылы шуақ,
Сүйгенің кім? - Білер ме мұны сұрап!
Әлде... өлі жұлдыздар аспанда
Сонау сен деп үздіккен жасыл Жерге
Қарайсың ба өзгеден жылы ұшырап
Жүсіп Қыдыров

Керемет емес пе? Менің айтқым келегенім, қазақ әдебиеті - шынайы әдемі, нәзік, ойыңды құмартатын рухани байлық. Оны ұмытпай, мән беріп, жастар мен балаларға насихаттау:)

0
1091
5