• 69209
  • 16
  • 9
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Тілдегі сөздерді 3 топқа бөлу

Тілдегі сөз атаулыны үш топқа бөлу алғаш екі топ ретінде (атауыш сөздер, шылаулар) А.Байтұрсыновтан басталғаны жоғарыда айтылды. Сөздерді бұл тұрғыда топтастыру олардың мағыналық ерекшелігіне, атқаратын лексикалық, грамматикалық қызметіне негізделген. Сөздерді осы түрде таптастыру тек қазақ тіліне ғана қатысты құбылыс емес. Мысалы, 2004 жылғы Д.Э.Розенталь, И.Б.Голуб, М.А.Теленковалардың авторлығымен шыққан "Современный русский язык" атты оқу құралында "самостоятельные и служебные части речи" деп бөліп, одан басқа модаль сөздер, одағай және еліктеуіш сөздер топтары бар деп есептеп және олардың әрқайсысына қысқаша анықтама берген.

Демек, сөздердің бір-бірінен ерекшелігін ашу үшін қолданылып жүрген сөздерді топтастырудың бұл түрі ғылыми негізі бар, тәжірибе өзін ақтаған, сондықтан ол ХХІ ғасырда да  сақталғаны жоғарыда келтірілген орыс тіл білімінің тәжірибесінен көрінді. Сондықтан бұл топтастыруды артық санайтын кейбір қазақ тілшілерінің пікіріне қосылуға болмайды. Өйткені бұл топтастыруда тілдегі сөздердің жалпы ерекшеліктері ашылады, соған байланысты сөздің ойды білдіретін лексикалық мағыналы топтары анықталады, олардың сөйлемдегі ойды білдірудегі қызметі белгіленеді, сондай-ақ ол белгілері жоқ атауыш сөздерге қызмет ететін де сөздер бары, көмекшілер бары анықталады. Осы екі топтың да қызметін атқармайтын, тіпті сөйлемге қатыспайтын ерекше топтың бары осы топтастыруда анықталады. Бұдан тілдегі сөздердің жалпы ұқсастықтарымен бірге айырмашылықтары болатыны байқалады.

1. Атауыш сөздер – лексикалық мағынасы бар сөздер. Олар сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді, сөйлем мүшесі болады, олардың көбінің түрлену жүйесі, грамматикалық категориялары бар, сөйлемде категорияларының көрсеткіштерін қабылдап, белгілі грамматикалық тұлғаларда қолданылады. Атауыш сөздер ішінде грамматикалық категориялары жоқтарыд да кездеседі, бірақ олардың бәрі – лексикалық мағынасы бар сөздер. Атауыш сөздердің белгілері төмендегідей:

1. Атауыш сөздердің бәрі лексикалық мағыналы сөздер, олар: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеуіш сөздер.

2. Атауыш сөздер лексикалық мағыналы сөздер болғандықтан, олар сөйлемдегі ойды білдіру үшін, сөйлемді құрауға қатысады.

3. Атауыш сөздер сөйлемді құраушы негізгі сөздер болғандықтан, олар сөйлем мүшесі болады.

4. Атауыш сөздерсіз ойды жеткізу мүмкін емес.

5. Бұл топтағы сөздердің мағыналарының бәрі шындық өмірді суреттеуге қатысты. Оны әр сөз табының мағынасынан көруге болады.

6. Атауыш сөздер сөйлемнен тыс та қолданылады, мәселен, түрлі сөздіктерде қолданылады, атауыш сөздерді жеке атағанда да мағынасы түсінікті болады.

Міне, бұл белгілер атауыш сөздерге жататын 7 сөз табының бәріне қатысты. Бұл – осы сөз таптарының ұқсастық белгілері, бәрінің бір топ болуына негіз болған белгілер. Қалған сөздердің тобында бұл белгілер жоқ.

2. Көмекші сөздер грамматикалық дамудың нәтижесінде лексикалық мағынасынан айырылып, грамматикалық қызметке көшкен. Олар сөйлем мүшесі қызметін атқармайды. Дербес сөзден бөлек жазылғанымен, көмекші сөздер лексикалық мағынасы болмағандықтан, сөйлем мүшесі қызметін атқармайды. Көмекші сөздер толық мағыналы сөздерге тіркесіп, оларға түрлі грамматикалық мағына қосады. Грамматикалық қызметі жағынан көмекші сөздер дербес сөздің құрамына кіріп, ондағы басқа грамматикалық көрсеткіштермен бірге, сөзге түрлі грамматикалық категориялардың мағынасын қосып, сөзді түрлі грамматикалық тұлғаларға көшіреді, кейде туынды сөз жасайды. Мәселен, Қарабанов кенет мырс етіп, столдың астына қарады да, балалардың қатты күліп отырғанын көрді (С.М.). Осы сөйлемде үш көмекші сөз бар. Олар – үш түрлі көмекші сөздер, үшеуі үш түрлі қызмет атқарады. Олардың біріншісі – ет – көмекші етістігі. Ол мырс деген еліктеуші сөзге тіркесіп, оған қимыл мағынасын қосып, сөзжасамдық қызмет атқарған. Бұл сөйлемде мырс етіп – бір сөз, бір сөйлем мүшесі. Оның мағынасын мырсылдады деген туынды түбір етістікпен салыстыруға болады, бірақ ол сөздің жасалуы осы сөйлемге қатысты деуге болмайды, ол – сөйлемге дайын түрінде кірген дербес сөз.

Екінші көмекші сөз – аст көмекші есімі. Сөйлемде ол стол деген дербес сөзге тіркесіп, оған мекендік мән қосқан. Сөйлемде стол астына – бір сөз, сөйлемнің бір мүшесі, яғни ол – стол сөзіне грамматикалық мағына қосып тұрған грамматикалық көрсеткіштердің бірі. Мәселен, ондағы лексикалық мағыналы сөз – стол, оған қосылған грамматикалық көрсеткіштер: - дың астына. Мұндағы: ілік септіктің жалғауы мен көмекші сөздегі – ы қосымшасы – көмекші есімді дербес сөзбен байланыстыратын қосымшалар. Көмекші есім сөйлемде осы қосымшалар арқылы лексикалық мағыналы стол сөзінің құрамына кірді. Столдың астына бір сөз болғандықтан, ол сөзге жалғанатын барыс септік жалғауы астыкөмекші есіміне жалғанады да, стол сөзінің грамматикалық формасын аяқтады. Сонымен, столдың астына сөзі – септік категориясы бойынша түрленген сөз, яғни столдың астына сөзі сөйлемде септік категориясының тұлғасында қолданылған сөз.

Осы сөйлемде тағы бір көмекші сөз қолданылған. Ол – да шылауы. Бұл шылау сөйлем мен сөйлемді байланыстырған: столдың астына қарады да, балалардың қатты күліп отырғанын көрді дегенде, да шылауы бірінші сөйлемнің баяндауышына тіркесіп, екі сөйлемді байланыстырып тұр.

Бұл келтірілген мысалдардан атауыш, дербес сөздер қандай түрлі болса, көмекші сөздер де түрлі екені анықталды.

Қазақ тілінде көмекші сөздердің мынадай түрлері бар: көмекші есім, көмекші етістік, шылау, күшейткіш көмекшілер, күшейткіш буындар. Бұл көмекшілер сөз табына қатысына қарай екіге бөлінеді: 1) белгілі сөз табына қатысты көмекшілер, 2) сөз табына қатысы жоқ көмекшілер.

Белгілі сөз табына қатысты көмекшілер мыналар: 1) көмекші есімдер, 2) көмекші етістіктер, 3) септеулік шылаулар, 4) күшейткіш көмекшілер мен күшейткіш буын көмекшілер. Сөз табына тікелей қатысы жоқ көмекшілерге жалғаулық, демеулік шылаулар жатады. Белгілі сөз табына қатысты сөз көмекшілер деп белгілі сөз табының құрамына кіретін, сол сөз табының грамматикалық категорияларының бірінің көрсеткіші саналатын көмекшілер аталады. Мәселен, көмекші есімдер зат есім құрамына кіреді, зат есімнің септік категориясының көрсеткіші, ол септік категориясының аналитикалық тұлғасын жасайды. Мысалы, Ол үйдің сыртында отыр деген сөйлемдегі үйдің сыртында сөзі қайда деген сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір мүшесі қызметін, яғни, бір сөз қызметін атқарады. Осы сөз жатыс септіктің аналитикалық тұлғасында тұр. Үй сөзіне жалғануға тиісті жатыс септік жалғауы жатыс септіктің мәнін айқындау қызметіндегі көмекші есім арқылы үй сөзіне жалғанған. Сондықтан көмекші есім де, жатыс септік жалғауы да – бір қызметтегі көрсеткіштер. Атап айтқанада, олар – зат есімнің грамматикалық көрсеткіштері, көмекші есімдер үнемі зат есім құрамында қаралып келеді.

Ал, көмекші етістіктердің сөз табын сақтағаны ғылымда белгілі, ол еш уақытта дау туғызған емес. Олар етітіктің шақ, модальдық, рай категорияларының, қимылдың өту сипаты категориясының мағыналарын білдіретін көрсеткіштер қызметін атқарып, сөйлемде етістіктерді ол категориялардың аналитикалық тұлғаларына түсіретіні ғылымда белгілі.

Көмекші сөздердің келесі түрі күшейткіш көмекшілер мен күшейткіш буын көмекшілер бұрын оқулықтарда көмекшілер тобында аталмай келді. Бірақ, сын есімнің шырай категорияының түрлерін жасайтын көрсеткіштер ретінде олар әбден танылған. "Сын есімнің асырмалы шырайы өте, тіпті, ең, тіптен, орасан, керемет сияқты күшейткіш үстеулері арқылы жасалады" деген ереже оқулықтардан белгілі. Шырай – таза грамматикалық категория, оның мағынасын беретін, белгілі түрін жасайтын көрсеткіштің лексикалық мағыналы үстеу болуы мүскін емес және ол көрсеткіштер үстеу сөз ретінде етістіктің алдынан тіркеспейді, олар сын есімге ғана тіркеседі. Сондықтан олар сын есімге тәне олар шырай категориясының көрсеткіші саналатын күшейткіш мәнді көрсеткіштер аталды. Сондықтан олар көмекші сөздер тобына жатады.

Күшейткіш буын көмекшілер де сын есімге ғана қатысты, олар сын есімнің күшейтпелі шырайын жасайтын грамматикалық көрсеткіштер өызметін атқарады. Күшейткіш буындар шырай категориясының грамматикалық көрсеткіші қызметін атқаратындықтан, қосымшаларға жатпайтын болғандықтан, сөз ретінде жеке қолданылмайтындықтан, көмекші сөздер тобына қосылады да, тек сын есіммен қолданылуына байланысты сын есімге қатысты көмекшілер саналады.

Жеке сөз табы құрамына байлаулы емес, әр түрлі сөз табына тіркесе беретін көмекшілер – жалғаулық, демеулік шылаулар. Шылаулар грамматикалық дамудың нәтижесінде абстракцияланып, грамматикалық қызметке көшкен, сондықтан олар үнемі көмекші сөздер тобында қарастырылып және көмекші сөздер ішінде жеке сөз табы ретінде танылып жүр. Шылаулар грамматикалық мағынасы жағынан да, атқаратын қызметі жағынан да алуан түрлі. Олардың қайсысы болсын сөйлемде дербес сөзге тіркесіп қана өз қызметін атқарады, жеке қолданылмайды. Сондықтан олар көмекшілер тобына жатады.

Қорыта келгенде, көмекшілердің атауыш сөдерден мынадай айырмашылықтары бар:

  1. Атауыш сөздердің ешбір белгілері көмекші сөздерде жоқ, көмекші сөздердің лексикалық мағынасы жоқ, сөйлем мүшесі болмайды, т.б.
  2. Көмекші сөздер грамматикалық мағынаны білдіреді, мағынасы, қызметі жағынан олар грамматикалық қосымшалармен бір типтес.
  3. Көмекшілердің көбі грамматикалық категориялар мағынасын білдіретін көрсеткіштер қызметін атқарады.
  4. Көмекшілер дербес сөзге тіркесіп қана қолданылады.
  5. Көмекшілер сөзді сөйлемде грамматикалық категориялардың сөзтұлғасына көшіреді.
  6. Көмекшілер грамматикалық категориялардың аналитикалық тұлғасын жасайды.
  7. Көмекшілер жеке қолданылмайды.

3. Сөз атаулыны үлкен үш топқа бөліп қарастыру әр топтың бір-бірінен үлкен айырмашылығын көрсетуді көздеген. Осы мақсатпен одағай сөздер басқа сөздерден бөлініп алынып, сөздердің жеке тобы ретінде беріліп жүр. Өйткені, одағайлар – сөздердің ешбір тобына ұқсамайтын ерекше сөздер. Айталық атауыш сөздердің әрқайсысының да лексикалық мағынасы бар, сөйлемде әртүрлі тұлғада қолданылып, белгілі сөйлем мүшесі қызметін атқарады. Көмекші сөздердің лексикалық мағынасы жоқ, өздігінен сөйлем мүшесі қызметін атқармайды. Көмекші сөздер дербес сөздерге тіркесіп, оларға түрлі грамматикалық мағына қосып, тілдегі басқа грамматикалық көрсеткіштер қатарында қызмет атқаратыны жоғарыда айтылды. Ал, одағайлар жоғарыдағы сөздер тобының ешбір қызметін атқармайды. Сөйлемдегі айтылатын ойды білдіруге қатыспайды, грамматикалық категориялар көрсеткіштерін қабылдамайды, грамматикалық мағына білдіруге де қатыспайды, сөйлем мүшесі бола алмайды.

Одағайлардың мағынасы да сыртқы дүниені суреттемейді, одағайлар адамның көңіл-күйін, әр түрлі сезіміне байланысты дыбыстық ишараттарды білдіреді де, сөйлемнен тыс тұрады. Мысалы, Қап, жеңіліп қалды-ау. Паһ, мықты екен. Осы сөйлемдердегі қап одағайы өкінуді, паһ одағайы таңдануды, риза болуды білдіреді. Олар сөйлем құрамына кірмеген. Осындай ерекшеліктері арқылы олар тілдегі басқа сөздерден ерекшеленеді. Сондықтан тілдегі сөздерді үш топқа жіктеп қарау олардың арасындағы үлкен айырмашылықты көрсетуге арналған.

 

kz_zez
29 декабря 2010, 19:36
12018

Загрузка...

Комментарии

үнемі көмекші етістіктер дегеніміз не???

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Свыше 10 известных университетов приглашают его обучаться зарубежом, но выбор будет оставаться за Сакеном. Он выберет обучение The University of Edinburgh и отправляется в эту удивительную страну...
socium_kzo
30 нояб. 2016 / 11:06
  • 10680
  • 10
Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

В чем уникальность этой личности? В чем его успех или провалы? Эти вопросы требуют глубокой аналитики и исследований. Я же хочу рассказать о Нурсултане Абишевиче глазами рядового кыргыза или...
maxes
1 дек. 2016 / 8:05
  • 4240
  • 14
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
2 дек. 2016 / 13:57
  • 3715
  • 3
Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Дело было летом 2012 года. Мне было почти 20 лет, жил я от сессии до сессии довольно весело. В голове машины, клубы, тёлки. Жизнь размеренная и неторопливая. Вдруг мне приходит в голову идея...
almatinec_92
28 нояб. 2016 / 16:57
Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Трамп и не подозревает, что 16 декабря 1991 Казахстан не создал, а восстановил свою национальную государственность. Иначе бы он упомянул не только 25 лет, а больше чем 550 лет казахской истории.
Stehlikova
2 дек. 2016 / 9:02
  • 3647
  • 86
О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

Сеть облетело очень символичное видео, где г-ну Султанову в ходе пресс-конференции прямо задают этот вопрос. «Вы советовались с народом?!» – спрашивают его журналисты. На что депутат так и не смог вразумительно ответить.
openqazaqstan
28 нояб. 2016 / 14:35
  • 3455
  • 15
Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Давно ждал запуска электронного билетирования в общественном транспорте Астаны. В ноябре 2016 года этот день настал. Мой опыт насчитывает последние 2 недели и мне есть чем поделиться. Она не...
iamYerlan
1 дек. 2016 / 15:24
  • 2930
  • 11
Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Недавно пролетал через аэропорт Амстердама - Схипхол. Так как улетал из аэропорта Алматы, то не мог не начать сравнивать эти аэропорты.
Superkurt
30 нояб. 2016 / 10:09
  • 3089
  • 12
Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Президент Назарбаев предложил амнистию для совершивших преступления небольшой тяжести несовершеннолетних, пожилых, женщин и других социально уязвимых категорий осуждённых
openqazaqstan
30 нояб. 2016 / 13:45
  • 2794
  • 19