• 99597
  • 55
  • 18
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Жылағым келеді…

Ескі жылдың есігі жабылайын деп, Жаңа жылдың есігі "тоқ-тоқ!" етіп қағылайын деп тұрғанда, Астанада ҚАЗАҚ қоянын жыл тағына отырғызу рәсімі өтті. Бұл жыбыр-жыбыр жиынға дүние жүзінің аңдары қатысып, Қоянды  қоян жылымен құттықтады. Әр елдің өз қояндары таққа отырса, сол елдің барыстары тақтан түсіп, Қоян мырзаларға тағзым етіп жатты... Ал біздің қазақтың барысы креслодан кеткісі келмей, "сау болыңызды" айтып, жетер жеріне жеткісі келмей, қиналып, қипақтап тұрып қалды, БАҰ-ның хатшысы (Біріккен аңдар ұйымы)  УАҚЫТ мырза  жұдырығымен стол үстін ұрып қалды...

- 2010-шы Барыс мырза! Жұрттың бәрі сізге ырза. Жұтқыншағыңыз жыбырлап,

маған бірдеңе айтайын деп тұрсыз ба,сыбырлап?

- Уақыт мырза,--деді қазақы Барыс жөткірініп,--тағы бір жыл "Барыс жылы" болып  дегендей...

- Мына сөзің  таңертең тұра салып, топырақ жегендей! Қуасың ба не? Екі жар-жар болмайды деген сияқты екі Барыс жылы болмайды!

- Неге, ауқатты қазақтар төрт-бес жасырын жар-жарға қол жеткізіп отыр. Менің жылым жаман өткен жоқ. Жуырда ғана жер-жаһанның назарында болып, саммит өткіздік... Адамдар балаларының аттарын Саммитхан, Саммита қойды...

Қоянның құлақтары қалқайып,ауызы аңқайып отырған, айналасына жылы көзқарасымен жымиып, жүнін жылтырата тұрды.

- Барыс бауырым, сенің жылың жаман болған жоқ, азуың алты қарыс болды,

министрлерді қамаудан "Азиялық жарыс" болды... Байлар мемлекет "мәмесін" сорып жатты, кедейлер  мұны "келешекте біз бай болсақ, олар құрметті Құдай боладыға" жорып жатты...

- Қоянжан... Айналайын, "братишка"... Қатты кеттің-ау деймін?

- Мемлекеттік тілімізге тесірейіп қарайтын шала қазақтардан да сізге бірдеңе жұққан-ау деймін?

Қытай қояны ортаға шықты да:

- Ча чи чу, мачи чу... Неменеге сөз таластырып тұрсыңдар, ча-ча? Одан да

бір-біріңді құшақтаңдар! Еңселеріңді есік мыжып кеткендей ғой?! Жаңа жылдарыңызбен, ханымдар мен мырзалар! Қоян жылы құтты болсын!--деді.

- Қояндар жасасын!-деп қалды америкадан келген қап-қара негр қоян қол шапалақтап,--Майн неймс Коянака. Бәріңізді "Қара жорға" биіне шақырамын!

- Неге "Қара жорға?" --деді Үндістаннан келген қоян сызылып,-- "Қоянни, Джимми, ачо-ачо" әніне билейік!

- Менің түсім қара, сондықтан "Қара жорғаға билейік!--деп қоймады негр Қо-

ян. Қанша дегенмен, тау басында жүретін арлы Барыс емес пе, Барекең ақырын жылжып келіп, Қоян мырзаның бетінен жалады да:

- Жаман үйреніп қалыппын... Бір түрлі қимаймын...Менің жылым кетіп барады... Жылағым келеді... --деді.

- Қой, жылама Барысжан,--деген Қоян оның шұбатылған құйрығын көтеріп қойып,--Қоян қыздар, қайдасыңдар? Аштан өлдіңдер ме, сәбіз жей бергенше, Барыс мырзаны биге шақырыңдар!

"Сәбіз"әні орындалып, Қоян қыздар Барысты бірінен соң бірі биге шақырды... Бір қоян  шетелден келген барысбикені биге шақырып еді, анау" ноу, ноу!" деп жолатпады. Сол екен әлгі қоян: "о, шешең..." -деп қалды. БАҰ ұйымының хатшысы Уақыт:

- Кім-әй бұл балағат сөз айтқан?--деп сұрады. Қоян жігіттер әлгі қоянды желкелеп әкелді.

- Сен кімсің?--деп сұрады Уақыт.

- Қоянмын...

- Қайдан келдің?

- Шымкенттен...

- Шымкентшелеп боқтағандарыңды қашан қоясыңдар осы!

- Кешіріңіз, Жаңа жылдан бастап қазақшалап боқтамаймыз, Жаңа жылда би би-

леп, Наурызға дейін тоқтамаймыз!

- Жарайсың!--деді Уақыт. Сосын күбірлеп:"Осы Шымкенттік қояндардың

жүрмейтін жері жоқ..." деп қойды.

- Қоян қорқақ келеді деуші еді...-деп қалды Ауғанстаннан келген пуштун

қоян.

- Кешірерсіз,--деп үн қатты қазақ қояны,--Қазақтың қояны да қасқыр! "Қоянды қуа берсең батыр болады, еркекті қуа берсең,қатын болады..."- деген мақалым бар! Жаңа жылдарыңмен, адамдар!Жылдан жылға адам болып қалыңдар!!!

 

«Абай-ақпарат»

Мұхтар Шерім.

abai_kz
28 декабря 2010, 0:05
795

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Многие клиенты, вздыхая о харамном ссудном проценте местных банков, сокрушались по поводу отсутствия у нас халяльного кредитования. Поддержка исламского банкинга на уровне МФЦА есть...
DanaJarlygapova
24 марта 2017 / 18:28
  • 8790
  • 46
Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Первую пересадку сердца Рокфеллер пережил в 1976 году на 62-м году жизни. Последнюю пересадку ему сделали в августе 2016 года. Пересадка сердца такому старому пациенту не имеет аналогов...
Timur_Tregulov
21 марта 2017 / 23:10
  • 6496
  • 52
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
24 марта 2017 / 14:20
  • 4528
  • 0
Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Мои волшебные 9 месяцев протекали в новой среде и далеко от всех родственников и подружек. Никто из моих знакомых в США на тот момент не успел обзавестись малышом, поэтому мне не с кем было...
Zarema_
23 марта 2017 / 9:25
  • 4097
  • 14
Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Париж, Рим, Барселона, Лондон, Алматы, Венеция – выберите город, который на ваш взгляд кажется лишним в этом списке. Если бы не было слова "урод", было бы легче определиться?
corridere
21 марта 2017 / 14:59
  • 4261
  • 75
Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Шестиминутный ролик про строительство автомобильной дороги в США - это как острый нож в пузо нашим чиновникам. Они же подавятся бешбармаком, увидев его! Похлеще любого пропагандистского фильма...
Timur_Tregulov
24 марта 2017 / 11:26
  • 3349
  • 31
Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Многие уверенны на 100%, что сказка «Красавица и Чудовище» - это интересная выдумка ее создателей. Однако, действия, происходящие в мультфильме и фильме, имели место в истории, и у главных героев...
Naomi_K
24 марта 2017 / 18:42
  • 3517
  • 34
Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Покупая бытовую технику в магазинах будьте внимательны. Сейчас практикуется впаривание дополнительных услуг по настройке. Прежде чем оформлять, проверьте суммы и уточните у манагеров если что-то не сходится.
dr_Motor
20 марта 2017 / 2:13
Посчитав сколько я смогу сэкономить на еде, я понял, что это очень приличная сумма

Посчитав сколько я смогу сэкономить на еде, я понял, что это очень приличная сумма

Именно сейчас я начинаю понимать, как себя чувствуют иногородние студенты, которые живут общежитиях у нас в Алматы. Я не говорю, что они живут плохо, но многие из них рассчитывают только на свои...
noyanovmyras
23 марта 2017 / 0:18
  • 2761
  • 59