Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
11:54, 26 декабря 2010

Интернет-журналистика сабақтарынан не үйрендік

Бүгін журналистика факультетінің орыс және қазақ топтарының студенттеріне арналған интернет-журналистика пәнінен лекция оқуға барған едім. Студенттер үшін алдын ала слайдтарды дайындап, бүгінгі интернет сервистер мен мүмкіндіктерді журналист қалайша пайдалана алатынын түсіндіргім келді. Алайда, студенттердің барлығы интернеттің не екенін білсе де, көп сервистерді біле қоймайды, сол себепті, web 1.0 мен web 2.0 жайында түсінідіруден бастадым. Википедия ашық энциклопедиясы, әлеуметтік желілер, әлеуметтік bookmarks, интерактивтілік, сұрақ-жауап, пікір-таластар мен т.с.с. Блогосфера жайында бастамас бұрын, Ребекка Бладтың «Блог – бұл бос жәшік. Оның ішіне журналистиканы да, беллетристиканы да, басқа да пікірлерді жариялауға болады», – деген сөзін келтірдім. Блог ашу үшін қандай тегін платформалар бар екенін де айтып өтуге тура келді, мысалы, қазақстандық орыс тілді аудитория yvision.kz-ті, ал қазақ тілділер wordpress.com-ды пайдаланатынын айттым. Сонымен қатар, ақылы хостингтегі блогтар және «хостинг» сөзінің мәнін түсіндірдім. Содан кейін блогтардың түрлеріне жеке-жеке тоқтаған болатынмын. Блогтарды авторлары бойынша:

-         жеке блог

-         ұжымдық блог

-         корпоративті блог

болып бөлінетінін, ал блогтардың мультимедиялығы бойынша:

-         фотоблог

-         видеоблог

-         мәтіндік блог

-         блогкаст (үнхабарлардан құралған блог)

болып бөлінетінін мысал келтіріп көрсеттім.

Үнхабар мен жалпы подкастингке қатысты жеке тоқталдым, себебі бұл жас журналистер үшін қызықты болуы тиіс деп ойладым. Біздің алғашқы қазақстандық үнхабар терминалы podkazt.kz-тің тарихымен таныстырдым. Үнхабарларды еркін радио бағдарламамен салыстырып, олардың азаматтық журналистикаға қандай қатысы болуы мүмкіндігін қарастырдық. Мобилді блогинг дегеніміз не, оның қажеті қанша және оған арналған сервистерге де тоқталдым.

Блогосфера мен журналистиканың арасында байланыс бар екенін айта кетіп, мынадай ерекшеліктерді көрсеттім:

-         көңіл көтеретін (немесе рекреативті) функция

-         ақпараттық функция

-         идеологиялық функция;

Блогтар мен журналистикаға тән жанрлар:

-         жолсапар очерктер

-         эпистолярлық жанр

-         новелла

-         репортаж

-         сұхбат

-         сараптама

-         шолу

-         эссе;

Сонымен қатар, блогтардың оқырман мен автор, оқырман мен оқырман арасындағы байланыстың маңыздылығы, ақпарат берудің жеделдігі мен тақырыптың толық ашылуы жайында сөз қозғадық. Студенттер тарапынан мынадай сұрақтар қойылды:

- интернет туралы заңға енгізілген өзгерістер блогтарға қалай әсер етті?

- блогосфераға цензура түсінігі тән бе?

- блог арқылы ақша табуға бола ма?

-  ілмектер дегеніміз не және не үшін қажет?

- лимит және трафик дегеніміз не?

Келесі сабақтарда блог ашуға үйренеміз деп шештік.

 

0
1626
2