<![CDATA[Саяхат]]> http://yvision.kz/feed/community/%D0%A1%D0%B0%D1%8F%D1%85%D0%B0%D1%82/ Sun, 14 Mar 2010 03:57:13 +0600 http://yvision.kz/images/logo.jpgСаяхатhttp://yvision.kz/feed/community/%D0%A1%D0%B0%D1%8F%D1%85%D0%B0%D1%82/ all rights reserved Zend_Feed Жай ғана ТурцияМамыр мен маусым айларының аралығында Турцияның Сиде қаласына баруға мүмкіндігім туды. Бұл ескі қала ежелгі Рим мен ежелгі грек мәдениетінің мұрасы іспеттес. Себебі қала ішінде ежелгі өркениеттің іздері аз емес. Сиденің негізі б.з. бұрынғы VII  ғасырда грек теңіз саяхатшыларымен қаланған. Ежелгі анатолиялық тілінде «Сиде» баламасы - «анар» бұрында осы қаланың құнарлылық символы болып саналған. Порттық сауда қаласы ежелгі дәуірде құл сату орталығы мен қарақшылар базасымен ерекшеленетін.

Географиялық орны ыңғайлы болғандықтан, қаланы жаулап алам деушілер көп болды, мысалы, ежелгі ликиялықтар мен парсылар. Жаулап алушылық Александр Македонский, Птолемейлер мен Селевкидтер арасында кезек-кезек жүргізілген. Ақыры, Сиде Пергам патшалығының бөлігіне айналды.  

Осында антикалық сәулет ескерткіштері, ежелгі храмдардың және ежелгі грек портының қалдықтары, римдік моншалар, Афина және Аполлон храмдары, некрополь, ежелгі амфитеатр сынды тарихи жәдігерлермен көзбе-көз кездесуге болады. Бұрында осы аймақта Антоний мен Клеопатра кездесетін.

Бүгінгі Сиде - түрлі-түрлі отельдер, сауық, сауда орталықтары бар курорт-қала. Жолда тығын болмайтын көрінеді, машиналар көп емес, мопед не велосипедпен келе жатқан адамдар көптеп кездеседі. Бір жағынан, жанармай бағасы да жоғары (біздікінен екі есе).

Түрік Республикасының алғашқы президенті Мустафа Кемаль Ататюрк ескерткіші.

Сиде қаласына жақын орналасқан қалашықтардың бірі - Манавгат. Осында Турцияның көп мешіттері арасында танымал Tahtakale Camii орналасқан.

Ал қаладағы әдемі сарқыраманың қасында кішігірім туристік орталық бар, оның дәл қасында мейрамхана тұр.

Сиде қаласынан яхтамен ашық теңізге шығып, Алания жағалуын тамашалауға болады. Антикалық дәуірде Алания Коракесион деп аталатын. Мұнда Александр Македонский, Юлий Цезарь және Цицерон болған екен. Кейін Рим императоры Марк Антоний қаланы Клеопатраға сыйға тартты.

Алания қаласы сұлтан Алааддин Кейкубадтың атымен байланысты. XIII ғасырда сұлтан Кейкубад осы жерлерге иелік етті және Қызыл мұнара мен қамал салғызғандықтан, қаланың тарихына айтарлықтай із қалдырды. Бүгінгі Аланияның символдары - Қызыл мұнара, кемелік верфь Терсане және тауда орналасқан ежелгі қамал.

Қызыл мұнараны түріктер «Кызыл куле» деп атайды, биіктігі - 35 метр (5 қабат), диаметры - 29 метр.

 

]]>
Fri, 31 Jul 2009 01:27:32 +0600Arsik@yvision.kz (Arsik)Турциятарихhttp://yvision.kz/community/%D0%A1%D0%B0%D1%8F%D1%85%D0%B0%D1%82/15071.htmlhttp://yvision.kz/community/%D0%A1%D0%B0%D1%8F%D1%85%D0%B0%D1%82/15071.html
Keukenhof -- Garden of Europe

Осы кезге дейін көрген жерлерімнің ішіндегі ең ең әсемі осы Keukenhof гүлдер саябағы болды. Керемет гүлдер. Сан алуан түрлі гүлдер. Тіпті, түсіме кірмеген түрлі-түсті гүлдерге толы саябақ. Саябақтың әр бөлігінде әр түрлі гүлдер егілген. Соған байланысты бір жерден екінші жерге жүріп отырғанда гүлдердің аңқыған түрліше хош иістері адамды баурап алады. Сұлулықтан көз тұнады.

Keukenhof (нидерлKeukenhof — кухонный парк) әлемдегі ең үлкен гүлдер саябағы. Жерінің аумағы 32 гектар.  Keukenhof-ты Garden of Europe деп те атайды. Ол Амстердам мен Гаага қалаларының арасында орналасқан Лиссе қалашығына қарайды. 

Саябақта жауқазындар мен басқа да гүлдердің жүздеген түрі бар. Аттарын білмеймін олардың. Кейбір деректерде 7 миллионға жуық гүл бар дейді. Жыл сайын көктем мезгілінде гүлдердің көрмесі өткізіліп тұрады. 

Keukenhof саябағы 1949 жылы Нидерландылық және Еуропалық гүлдер көрмесін өткізіп тұру мақсатында ашылған. Сондай-ақ Нидерландылық гүлдерді экспорттау үшін де қызмет ететін болды.

Keukenhof жыл сайын көктем мезгілінде екі ай мерзімінде ашық болады. Осы уақытта Нидерландыға баратын туристердің саны күрт өседі. Саябақтың орналасқан жері Amsterdam Schiphol әуежайына жақын. 3-4 сағаттың ішінде саябақты көріп қайтуға болады. Ол үшін визаның да қажеті жоқ.

Адамдар өте көп. ''Пробка'' болып жатады кей жерлерде. Биыл ашылғанына 60 жыл толды. Жыл сайын шамамен бір миллионға жуық адам саябақтың сұлулығын тамашалауға келеді. Осы жылғы билеттердің құны ересек адам үшін 13,50 €, ал жас балалар үшін (4-11 жас) 6,50 € болды.

Саябақтың ең сұлу жері

Саябақта орнатылған мынадай ескерпелерге қарамастан гүлдердің сұлулығына тамсанып, суретке түсіріп жатқан адамдар өтеее көөөөп.

Осындай да гүл болады екен.

 

Лилия гүлі

Саябақтың ортасындағы фонтан

]]>
Tue, 09 Jun 2009 18:58:48 +0600Ansar@yvision.kz (Ansar)KeukenhofСаябақGarden of EuropeАмстердамГаагаНидерландыhttp://yvision.kz/community/%D0%A1%D0%B0%D1%8F%D1%85%D0%B0%D1%82/11925.htmlhttp://yvision.kz/community/%D0%A1%D0%B0%D1%8F%D1%85%D0%B0%D1%82/11925.html