Мамыр мен маусым айларының аралығында Турцияның Сиде қаласына баруға мүмкіндігім туды. Бұл ескі қала ежелгі Рим мен ежелгі грек мәдениетінің мұрасы іспеттес. Себебі қала ішінде ежелгі өркениеттің іздері аз емес. Сиденің негізі б.з. бұрынғы VII  ғасырда грек теңіз саяхатшыларымен қаланған. Ежелгі анатолиялық тілінде «Сиде» баламасы - «анар» бұрында осы қаланың құнарлылық символы болып саналған. Порттық сауда қаласы ежелгі дәуірде құл сату орталығы мен қарақшылар базасымен ерекшеленетін.

Географиялық орны ыңғайлы болғандықтан, қаланы жаулап алам деушілер көп болды, мысалы, ежелгі ликиялықтар мен парсылар. Жаулап алушылық Александр Македонский, Птолемейлер мен Селевкидтер арасында кезек-кезек жүргізілген. Ақыры, Сиде Пергам патшалығының бөлігіне айналды.  

Осында антикалық сәулет ескерткіштері, ежелгі храмдардың және ежелгі грек портының қалдықтары, римдік моншалар, Афина және Аполлон храмдары, некрополь, ежелгі амфитеатр сынды тарихи жәдігерлермен көзбе-көз кездесуге болады. Бұрында осы аймақта Антоний мен Клеопатра кездесетін.

Бүгінгі Сиде - түрлі-түрлі отельдер, сауық, сауда орталықтары бар курорт-қала. Жолда тығын болмайтын көрінеді, машиналар көп емес, мопед не велосипедпен келе жатқан адамдар көптеп кездеседі. Бір жағынан, жанармай бағасы да жоғары (біздікінен екі есе).

Түрік Республикасының алғашқы президенті Мустафа Кемаль Ататюрк ескерткіші.

Сиде қаласына жақын орналасқан қалашықтардың бірі - Манавгат. Осында Турцияның көп мешіттері арасында танымал Tahtakale Camii орналасқан.

Ал қаладағы әдемі сарқыраманың қасында кішігірім туристік орталық бар, оның дәл қасында мейрамхана тұр.

Сиде қаласынан яхтамен ашық теңізге шығып, Алания жағалуын тамашалауға болады. Антикалық дәуірде Алания Коракесион деп аталатын. Мұнда Александр Македонский, Юлий Цезарь және Цицерон болған екен. Кейін Рим императоры Марк Антоний қаланы Клеопатраға сыйға тартты.

Алания қаласы сұлтан Алааддин Кейкубадтың атымен байланысты. XIII ғасырда сұлтан Кейкубад осы жерлерге иелік етті және Қызыл мұнара мен қамал салғызғандықтан, қаланың тарихына айтарлықтай із қалдырды. Бүгінгі Аланияның символдары - Қызыл мұнара, кемелік верфь Терсане және тауда орналасқан ежелгі қамал.

Қызыл мұнараны түріктер «Кызыл куле» деп атайды, биіктігі - 35 метр (5 қабат), диаметры - 29 метр.

 

Arsik
31 июля 2009, 01:27
 4  
просмотров
286
6
Ansar
01 августа 2009, 04:14
1
Көп-көпрахмет осындай құнды мәлімттерініз үшін.
Arsik
01 августа 2009, 04:16
1
оқасы жоқ)
Zere
03 августа 2009, 11:10
0
Керемет! Өзің жалғыз бардың ба?
Arsik
03 августа 2009, 15:46
0
әпкем екеуміз барғанбыз)
Чтобы оставлять комментарии, Вы должны быть авторизованы. Если у Вас нет логина, то пройдите регистрацию.
О сообществе
Видео дня
участники
Arsik
Ansar
altynbekoff
Alpamys
Zere
войти
зарегистрироваться
сообщества
последние записи
записи по обсуждениям
записи по рейтингу
создать новое сообщество
личные блоги
последние записи
записи по обсуждениям
люди
самые активные
новые
по городам
по интересам
блог проекта
правила участия
помощь
реклама
конкурсы
контакты
WebEverywhere, 2008-2010

Lyakhov.KZ - Большая энциклопедия Казнета Казах.ру — всё о Казахстане и казахах