Республикамыздағы қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың, мерзімді басылым басшыларының, зиялы қауым өкілдерінің ұйымдастыруымен Республика Сарайында 2009 жылы 20 қыркүйекте, айт күні, сағат 12.00-де Алматы қалалық әкімшілігінің рұхсатымен, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе иеленуінің 20 жылдығына орай “МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚОЛДАУ” акциясы «өткізіледі.
Өзінің ұлтына, ана тіліміздің бүгінгі жағдайына жүрегі ауыратын әрбір азамат күйбең-тіршілігін бір сәт жиып қойып, сол жерден табылады деп сенеміз. Акция барысында мемлекеттік тілді өрістету туралы ойлармен қатар танымал өнер шеберлерінің, «МУЗарт», «Серілер», «Жебе», топтарының ана тілін, ұлттық, мемлекеттік рухты қуаттайтын әндері шырқалады.
Ел мүддесін ту еткендердің бәріне есік ашық. Айт күні ана тілін ұлықтау да имандылықтың белгісі.
Бұл ақпарат www.internetTV.kz сайтынан алынды.



4

























